3.03.2023, 12:45
Оқылды: 101

Жазасын өтеуші неке куәлігін алды

Семей қаласында жазасын өтеуші неке куәлігін алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

872d876f-eaaa-44a5-b78c-389d82087056

Фото: Polisia.kz

Көктемнің алғашқы күні Абай облысы ҚАЖД №20 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Азаматқа (есімі өзгертілген) өте қуанышты жағдаймен басталды.

Ол сүйіктісімен заңды некеге отырып, неке куәліктерін қолдарына алды.

– Өмірде меніңше қателеспейтін адам болмайды, жаза басып темір тордың артына түссемде сүйіктім менен бас тартпай, бостандықта жүргенде армандаған арманымызды орындады. Заңды некеге отырып, неке куәлігімізді қолымызға алдық. Көктемнің алғашқа күні дәл осындай қуанышты жайтпен басталғанына өте қуаныштымын. Айтпақшы бүгін алғыс айту күні, дәл осы күні некемізді қиғандықтан сүйіктіме өмір бойы алғысымды айтып жүретін боламын. Ендігі арманым тезірек отбасыма, сүйіктімнің жанына оралу, – деп қуана жауап берді сотталған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале