28.07.2022, 10:15
Оқылды: 114

Жаздың түбі көрінді, әлі жайрап жатыр...

«Орал өңірі» газетінің биылғы 14 қаңтарда жарық көрген санында «Осылай жайрап жата бере ме?..» («Орал өңірі», №5, 14. 01. 2022) атты шағын сын материал жарық көрген болатын. Аталмыш мақалада С.Есқалиев көшесінің бойындағы көлік қозғалысына жайсыздық тудырып отырған жайт өзек болған еді.

5

Мәселенің көтерілгеніне алты айдан асты. Тура күні кеше әдейі барып көрдік, «Баяғы жартас, сол жартас». Сөйте тұра, «Үмітсіз шайтан ғана» дегендей, қала әкімі өзгерді ғой, бәлкім енді С.Есқалиев пен Ғ.Қараш көшелерінің қиылысындағы үшбу жағдай түзелер...

«Орал  өңірі» газеті, №5, 14.01.2022 ж.

Осылай жайрап жата бере ме?..

Орал қаласының орталық бөлігінде Кеңес Одағының Батыры Сүндетқали Есқалиев атындағы көше бар. Осы көшенің Ғұмар Қараш көшесімен қиылысар тұсына мына төмендегі фотодағы «блокбекеттің» орнатылғанына қанша уақыт өткенін кім білсін? Әйтеуір, ең кемі біраз айдың жүзі болғаны ақиқат. Онсыз да ені тар көшемен екі бағытта ерсілі-қарсылы көлік жүреді.

4

Ал жаңағы «блокбекеттің» тұсына келгенде көліктер аяғына жем түскен аттай кібіртіктеп, бір-біріне еріксіз жол беруге мәжбүр. Егер жол бермесе, жол-көлік оқиғасы орын алары шүбәсіз. Көлік қозғалысына тәулік бойы кесірін тигізетін осы жасанды кедергінің «ауторы» кім? Пәленбай айдан бері бұл не қылған мызғымайтын «ескерткіш»?..Оралдықтардың үлкен-кішісін бірдей мазалап жүрген осындай сауалдардың жауабын Орал қа­ласының әкімі мен Орал қаласы әкімдігіне қарасты «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және аутожолдар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшылығы  білмесе, біз білмейміз...

Бауыржан Әлжанұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале