4.08.2018, 14:31
Оқылды: 141

БҚО-да «Өсу векторы» жазғы мектебіне 100 директор қатысты (СУРЕТ)

Оралдағы «Дарын» қосымша білім орталығында мектеп директорларына арналған «Өсу векторы» жазғы мектебі ұйымдастырылды. Үш күнге созылған  мектеп директорларының  басын  қосқан жазғы  мектептің  әсерлі  сәттерге толы  болғаны  ұстаздар  жүзінен-ақ  айқын  аңғарылады.  Салтанатты шараға  облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов арнайы келді.

 - Жаңа заман балаларын тәрбие­лейтін мұғалім жаһандық бәсе­келестікке қабілетті болуы керек. Осы заманның мұ­ғалімі оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, сол бі­лім­ді пайдаға асыра білудің әдіс-тәсіл­дерін де үйретуі қажет. Күн са­йын қарыш­тап да­мып жатқан заманда мұ­ғалімге қойылатын талап өте жоғары. Қазір таңдаған мамандығына балы жетпей, амалсыз мұғалім мамандығын таң­дай­тындардың қатары кө­бейіп кетті. Бұл да мұғалімдердің беделі­не әсер ете­ді.  Сондықтан да, елімізде мұ­ға­лімдер­дің жала­қысын көбейтіп, олар­дың қоғамдағы мәр­тебесін арттыру бағы­тында көптеген  жұ­мыстар жасалуда, – деп сөзін сабақта­ған облыс әкімінің орынбасары Ғабидол­ла Абдоллаұлы мұғалім мамандығына қа­тыс­ты өмірден түйген ойларымен бөлісіп, шәкірт тәрбиесі, сыбайлас жемқорлық  туралы  пікірін айтты.

Демалып, әрі оқып, өз-өздерін дамыт­қан «Өсу векторы» жобасына 100 мектеп басшысы қатысқан. Әдістемелік қор­жын­дарын әдемі әсер мен өздері үшін құнды қазынаға толтырған мектеп басшы­лары сипаты бөлек жобаны ұйымдас­тырушыларға дән риза. Алда күзгі, қыс­қы мектептер  өз  жұмысын  жалғастыр­мақ.

Гүлжамал  ЖОЛДЫҒАЛИ,

Фото facebook желісінен

vektor (2)
vektor (4) vektor (5) vektor (6) vektor (7) vektor (8) vektor (3)
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале