13.04.2021, 9:58
Оқылды: 365

Жеке көмекші деген кім?

Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғаммен араласуына көп көңіл бөлінуде. Соңғы жылдары елімізде бірінші топ мүгедектерін алып жүретін жеке көмекші қызметі пайда болды. Көпшілігі жеке көмекшіні әлеуметтік қызметкермен шатыстырып жатады. Жеке көмекші күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерге жатпайды. Жеке көмекшілер азаматтық-құқықтық шарт негізінде қызмет көрсетсе, әлеуметтік қызметкер мүгедектігі бар азаматқа әлеуметтік қызмет көрсетеді. Жеке көмекші шарт талабы бойынша бірінші топтағы жүріп-тұруы қиын мүмкіндігі шектеулі жанды үйінен баратын жеріне жетуіне көмектеседі. «ҚР Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес жеке көмекшінің қызметі медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімі әзірлеген құжаттар бойынша мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде көрсетіледі.

дилдаш1

 Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі №29 санынан мамандармен бірлесе жұмыстанып, материал дайындаған журналист Гүлжамал Жолдығалидың «Жеке көмекші деген кім?» атты мақаласынан оқи аласыздар!

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале