15.11.2022, 12:30
Оқылды: 39

Жекешелендіруден бюджетке 57 млрд теңге түскен

Жекешелендіру науқанынан бюджетке 57 млрд теңге түскен. Бұл жайында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Үкімет отырысында Ерұлан Жамаубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2

«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 675 объектіні сату көзделген. Есепті кезеңде сомасы 57 млрд теңгеге 245 объект сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді», - деді вице-премьер.

Оның сөзіне қарағанда, қазір 48 объект сатуға қойылған.

«Тағы 52 объект қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді. 330 объектіні сату алдындағы дайындық жүріп жатыр», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале