28.03.2024, 23:48
Оқылды: 34

Жекпе-жектен «Б» арнайы жасақ қызметкерлері арасында сайыс өтті  

27-28 наурыз аралығында «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің «Б» арнайы жасақ қызметкерлері арасында жекпе-жек ұрысынан сайыс өтті. Сайысқа Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Жаңаөзен қалаларынан келген 40-қа жуық спортшы қатысты. Екі күнге созылған бұл аталмыш сайыс 8 салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылды.

33

Әрбір жеңімпаз бен орын алған спортшыларға арнайы белбеу және медаль кубок грамота тағылды. Сонымен қатар командалық есепте жүргізілген болатын.  Ал жарыс нәтижесі бойынша жүлделі бірінші орында Ақтөбе қаласынан келген 6655 әскери бөлімінің командасы иеленсе, екінші орынды  5517 әскери бөлімінің командасы қаңжығасына байлады, ал жүлделі үшінші орынды  Ақтау қаласынан келген 3502 әскери бөлімінің командасы қанағат тұтты.

34

                                                             ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале