10.12.2023, 15:22
Оқылды: 0

Желаев ауылдық округі әкімі сайлануда

Желаев ауылдық округі әкімінің өкілеттігін аяқтау мерзімі – 2024 жылдың 28 қаңтары. Әкімнің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес Желаев ауылдық округі әкімінің тікелей сайлауы 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалды.

IMG-20231210-WA0008

Өзін-өзі ұсыну арқылы 3 үміткер ұсынылды. Барлық кандидаттар қазіргі мемлекеттік қызметшілер болып табылады.

IMG-20231210-WA0010

Үміткерлердің орташа жасы – 35 жас болса, ең кішісі – 27 жас, ең үлкені – 45 жас.

Сайлау науқаны 2023 жылғы 19 қарашада сағат 18.00-де басталып, 2023 жылғы 9 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталды.

IMG-20231210-WA0011

Сайлау 2492 тұрғыны бар 1 елді мекенді (Желаев селолық) қамтиды, оның ішінде 1787 сайлаушы. 1 ТИК және 1 сайлау учаскесі тартылатын болады.

Аумақтық сайлау комиссиясы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале