14.12.2023, 18:10
Оқылды: 65

Желтоқсан оқиғасының куәгерімен кездесті

Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде ҚР Тәуелсіздік күніне орай, профессорлық-оқытушылық құрам, қонақтар және студенттердің қатысуымен «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік тұғырындағы Жаңа Қазақстан» атты дөңгелек үстел өтті.

IMG-20231214-WA0214

Шараның негізгі мақсаты Қазақстанның өткені мен бүгінін қозғап, еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуінің оңай жолмен келмегенін жастарға ұғындыру, жас ұрпақты отанды сүюге, тәуелсіздігімізді қадірлеуге, халқына, ұлтына адал қызмет етуге тәрбиелеу.

IMG-20231214-WA0213
16 желтоқсан – ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік күні Алашты ардақтауды, Желтоқсан қаһармандарын ұлықтау күні ретінде аталынды. Осыған орай, оқытушылар мен студенттердің баяндамалары тыңдалды. Әріптесіміз, әрі Желтоқсан оқиғасының куәгері, шараның құрметті қонағы, жалынды жастарға патриоттық рух беріп, өз тілегін білдірген Гулмира Есмагамбетовнаға ұжымның атынан алғысхат пен гүлшоғы табысталды.

Тұрсынғаным Габделова,

“Қоғамдық-гуманитарлық пәндер” кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының магистрі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале