13.12.2023, 12:45
Оқылды: 62

Желтоқсандағы қанды қырғыннан қанша қазақ жасы зардап шекті?

1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісіне қатысып, түрмеге қамалғандары туралы деректер әлі күнге әр түрлі жазылып жатыр.

 Jeltoqsan

Фото: wikipedia

Айталық, Ішкі істер министрлігінің дерегі бойынша ұсталғандар саны - 2 336 болса, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің деректері бойынша - 2 212. Ал прокуратураның деректері бойынша - 2 401 адам делінген.

Оған қосымша Уақытша қамау изоляторында, тергеу изоляторында және қала сыртына апарып тасталған адамдарды ескерсек ұсталғандардың саны шамамен 8,5 мыңға жуықталады.

Соның ішінде денесіне жарақат түскен адамдардың саны да деректерде әр түрлі, айталық бірде 763 адам делінсе, екінші ақпаратта 1 137 адам деп көрсетілген.

Жоғарыдағы ресми деректерден ұсталғандардың нақты санын білу мүмкін емес. Сондықтан желтоқсан көтерілісі кезінде қамалып ұсталғандардың санын анықтау келешектің ісі болмақ.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале