16.04.2022, 11:00
Оқылды: 154

Жемқорлыққа қарсы жаңа бағыт

Кеше облыс әкімдігінде аймақтық комиссия отырысы өтті. Жиында комиссия мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады.

936B1F86-3047-4E54-A102-6324680CAEB2

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов төрағалық еткен комиссия отырысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Амантай Рашкалиев, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Гүлзада Рахметова, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Превенция басқармасы басшысының орынбасары Алия Денизбаева баяндама оқып, іс-шара қатысушыларын жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа бағытымен таныстырды.

5CD61F2D-AAC0-4D55-9267-D8C8FAF2E8B1

– Жалпы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда түрлі шаралар қолданылуда. «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағыттың іске асырылуы – өзекті және маңызды мәселенің бірі. Жоба шеңберінде бірлескен жұмысымыздың нәтижесі арқылы облыс бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес деңгейі бағаланатын болады. Бұл жұмысты қарқынды түрде жүргізу қажет, – деді Арман Кәрімұлы.

0C55C561-E74E-47AC-AFDF-FB975F15886A

Аталған жобалық басқарудың № 4 үлгілік  базалық бағыты төрт аспектіні қарастырады:  бірінші – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; екінші – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін  жою; үшінші – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; төртінші – квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

52056411-716B-4262-8340-3E1D089D5793

Іс-шара соңында Сарайшық көшесі, 47 мекенжайында ашылған «Absolute integrity» алаңының атқаратын қызметтері жайлы біраз ақпарат айтылды.

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале