30.04.2021, 9:41
Оқылды: 138

Жемқорлықпен күрес толастамайды

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау мен бағалаудың республикалық арнайы мониторинг тобының төрағасы Айгүл Соловьева және оның орынбасары Рафаэль Гасанов жұмыс сапарымен Орал қаласына келді.

сыб

Олар, ең алдымен, Орал қаласының №21 және №7 жалпы орта білім беретін мектептеріне барды. Облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаевабілім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстартуралы баяндады. Одан әрі делегация облыстық полиция департаментіне барып, фронт-кеңсе мен жедел басқару орталығының жұмысымен танысты. Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мақсотхан Аблазимов полиция бөлімшелерінде ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру аясында жүргізілген сараптама нәтижелеріне қатысты арнайы мониторинг тобы ұсынымдарының орындалуы бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді. РАМТ төрағасы Айгүл Соловьева білім беру саласында және ішкі істер құрылымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарды оң бағалады. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мәселелерінде арнайы мониторинг топтарымен одан әрі ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырды.

 

Нұрлан Ғаппар

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале