14.09.2021, 9:32
Оқылды: 113

Жеңілістен кейін жеңіс тілейміз!

Өткен сенбіде футболдан ел чемпионатының кестесіне сәйкес Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында елордалық «Астананы» қабылдап, 0:1 есебімен ұтылып қалды.

1

Үшбу жеңілістің кесірінен біздің команда төртінші орыннан алтыншы орынға сырғыды. Аталмыш ойындағы қонақтарға жеңіс әкелген  жалғыз голды «Астананың» жартылай қорғаушысы Валерий Чуперко (№92) кездесудің алғашқы минуттарында салды. Енді «Ақжайық» 19 қыркүйек күні Талдықорғанда «Жетісумен» ойнайды. Ал 25 қыркүйекте Қызылорданың «Қайсары» біздің командаға «қонаққа» келеді. Осы қос ойында жеңіске жетсе, «Ақжайықтың» жағдайы күрт жақсарар еді. Біздің жігіттерге жеңілістен кейін жеңіс тілейміз!

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале