16.03.2022, 16:10
Оқылды: 91

Жерге орналастырушы мамандар марапатталды

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміздің әкімшілік аумағын реттеу, жер иелену, жерді пайдаланудың құқықтық мәртебесін бекіту, түрлі нысандар салу үшін әр түрлі карта мен атластар құрастыру жұмыстары Жерге орналастыру, геодезия және картография саласына жүктелді.
1991 жылы Қазақ КСР Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы жер қатынастары және жерге орналастыру мемлекеттік комитеті құрылды.

IMG_4970

Сол кезден бастап өңірдегі кен орындарында алғашқы арнайы шаруа қожалықтары ұйымдастырылды, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жерлерін трансформациялауға, жекешелендіруге байланысты қайта бөлу бойынша жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде бизнестің жаңа түрлері, шағын кәсіпорындар, өндірістік кооперативтер, серіктестіктер құрылды. Жер реформасы басталғаннан бері осы күнге дейін жер жұмыстарын басқару қызметі аталған жұмыстардың басы-қасында болды.

Бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында Жерге орналастыру, геодезия және картография саласы бойынша 80 шақты азамат қызмет атқарады. Аталған мамандық иелерінің мерекесіне орай, филиалда облыс көлемінде мерекелік шара ұйымдастырылды.

IMG_4910

Шара барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Үздік жерге орналастырушы» Құрмет дипломымен филиалдың жетекші сарапшысы Алтынай Төремұратова марапатталды. Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің атынан Асылбек Қонысов, Махамбет Әлжанов, Майса Бектенова, Марат Ғабдушев, Қанат Ахмадиевтарға арнайы алғысхаттар табысталды. Сондай-ақ бірқатар қызметкерге Орал қаласы әкімдігінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының, филиал директорының алғысхаттары да берілді. Филиалдың Кәсіподақ ұйымы да Нұрғали Здиханов мен Тұрарбек Каймашевке «Кәсіподақ саласының үздігі» төсбелгісін тағып, Мансұров Айбекке Құрмет грамотасын табыс етті.

Мемлекеттік органдардың басшыларымен қатар жерге орналастырушы-ардагерлер де мерекелік кештің құрметті қонағы болып, өз естеліктері мен төл мерекеге құттықтау тілектерін жеткізді.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясының

БҚО бойынша

филиалының баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале