22.12.2022, 11:45
Оқылды: 89

Жерлесіміз Арина Якубина каратэден Азия чемпионы атанды

14-21 желтоқсан күндері аралығында Өзбекстан мемлекетінің Ташкент қаласында жастар мен ересектер арасында каратэ WKF-тен 18-ші Азия чемпионаты өтті.

16

Жарысқа Азия құрлығынан 29-дан астам ел қатысып, мыңға жуық спортшы бақ сынады.

Аталмыш бәсекеде еліміздің намысын қорғаған жерлесіміз Арина Якубина жарыстың екінші айналымнан бастап Қырғызстан, Тайланд спортшыларын жеңіп, финалда Жапония спортшысыннан басым түсіп, Азия чемпионы атанды.

15

Сонымен қатар ол ҚР «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын иеленді.

14

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале