3.11.2021, 19:47
Оқылды: 159

Жерлестеріміз – акция жеңімпаздары

Ағымдағы жылдың қазан айының 1-25 күндері аралығында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай, «Nur Otan» партиясы мен «Jas Otan» Жастар қанаты бірлесе отырып, «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында республикалық деңгейде «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясын жариялаған болатын. Акцияның 30 жеңімпазына әрқайсысына 100 000 теңге сыйақы да тігілді.

WhatsApp Image 2021-11-03 at 20.19.28

Акция шартына сай, әр адам аға буын өкілдерінің қатысуымен 1 минуттық бейнежазба түсірілу қажет. Бейнежазбада аға буын өкілдері өздерінің еңбек еткен кезеңдері туралы, еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетімізді нығайтуға қосқан үлесі мен бүгінгінің жастарына деген жылы тілегін білдіреді. Түсірілім міндетті түрде #ArdagerNurOtan хештегі белгіленіп, жеке адамдардың әлеуметтік желілердегі аккаунттарында (Facebook, Instagram, YouTube, TikTok) жариялануы тиіс.

Аталмыш шараға ауданнан бірнеше бейнежазба дайындалып, қатысқан болатын. Солардың ішінен ауданның «Құрметті азаматы», бірнеше жыл Ұялы ауылдық округінің әкімі болған Бақытжан Оразғұловпен сұхбат негізінде түсірген аудандық мәслихат депутаты Мәншүк Мұхамжарованың фейсбук желісіндегі жарияланған бейнеролигі 400 қаралым жинап, жеңімпаз деп танылып, үздік 30 қатысушының қатарынан көрінді. Облыс бойынша басқа үздіктердің де болмағанын айта кетуге болады.

Аталмыш шараның жеңімпаздарын партияның аудандық филиалы және барша партияластар атынан құттықтай отырып, алар асуларыңыз аласармасын деген ыстық лебізімізді білдіреміз.

Исатай Құрмашев,

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы

төрағасының бірінші орынбасары.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале