2023 жылдың 5 айында мектептерге 246 автобус жеткізіліп, жеті өңір мектеп автобустарымен 100% қамтылған. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Атап айтсақ, Ақмола облысына - 4, Қарағанды облысына - 8, СҚО-ға - 10, Ақтөбе облысына - 22, Павлодар облысына - 16, БҚО-ға 29, Қостанай облысына - 28, Түркістан облысына - 99, Қызылорда облысына - 30 автобус берілген.
Республика бойынша Ақмола, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда өңірлері мектеп автобусымен жүз пайыз қамтылып отыр.
Ал Абай, Жетісу, ШҚО, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында конкурс аяқталу сатысына жақындаған.
- 2022 жылдан бері жоспарланған 515 автобустың 365-і аймақтардағы мектептерге жеткізілді. Бұл автобустар мектебі жоқ шалғай елді мекендерде тұратын балалардың тасымалын ұйымдастыруда қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етеді. Балаларды мектеп автобусымен тасымалдағанда оларға мектеп директорының бұйрығымен бекітілген арнайы қызметкер баскөз болуы керек, - деді ҚР ОАМ-ның балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
18:0025.09.2023
70 000-нан астам мектепке дейінгі және орта білім беру педагогтері біліктіліктерін арттырды
11:4515.09.2023
40 мыңға жуық оқытушы кәсіби біліктілігін арттыру курстарынан тегін өтті
17:3011.09.2023
Қазақстандық оқушылар тоғызқұмалақ ойынында рекорд орнатты
12:307.09.2023
Қазақстанда жаратылыстанушылардың IYNT-2023 халықаралық турнирі өтті
25.09.2023, 18:00
15.09.2023, 11:45
11.09.2023, 17:30
7.09.2023, 12:30