22.10.2021, 11:38
Оқылды: 267

Жетім көрсең, жебей жүр

Қазақ халқы – қашан да жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған халық. Үлкендер осы үрдістің ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, мұның жалғасын тауып отыруына үнемі үндеген. ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Бақытжан Құралбайұлының бастамасымен, облыстағы жеке кәсіпкерлердің қолдауымен көп балалы отбасы Ержігіт Хайрашевтің ұл-қыздарына 250 000 теңге көлеміндегі қаражатқа мектеп формасы мен спорттық киімдер алып берілді.

Жетім көрсең жебей жүр
Отбасының ұйытқысы, ұл-қыздарының анасы әрі асыл жары қаза тауып, жеті баламен қалған әке Ержігіт Ержанұлы бас имам Бақытжан Сабралиевке өз жағдайын баяндап, өтінішхат жазып, қолдау көрсетуін сұраған болатын. Жазықсыз бүлдіршіндер мына жарық дүниеге тағдырдың тәлкегін тарту үшін келмегені белгілі. Аналық мейірімді аңсап жүрген бейкүнә балаларға көмек қолын созу әр жанның борышы болса дейміз. Егер жағдайыңыз көтерсе, әлеуметтік ахуалыңыз мұрша берсе, жетім сәбилерді асырап алуға, жәрдем беруге, бейкүнә балақайларға қам-ор болуға асыққанға не жетсін. Қайырымдылық көмек берген жүректері мейірімге толы жеке кәсіпкерлер мен Орал орталық мешітінің наиб имамы Наурыз Убаевтің еңбегі зор. Жаратқан әр басқан қадамдары мен жасаған игі істерін сауапқа толтырып, ниеттерін еселеп бергей.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале