16.03.2017, 17:06
Оқылды: 54

Жобалар өз нәтижесін беруде

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте мәлім болды. prokuratura

  БҚО прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саласын қадағалау басқармасының бастығы Жаннұр Ахметбектің айтуынша, облыс прокуратурасы мен облыс әкімдігі және басқа уәкілетті органдармен бірлескен 8 жеке жобасы мен Бас прокуратураның 10 жобасы жүзеге асырылуда.


  -  «Әлеуметтік шиеленіс ошақтары картасы» жобасы аясында 8 өзекті мәселе шешімін тапты. Оған нақты мысал ретінде, Ақсай технология колледжінің жұмысшылары апатты жағдайда тұрған жатақханадан вахталық қалашыққа көшірілуі, Бөрлі ауданының Бестау және Березов ауылдарының 82 отбасы (416 адам) Ақсай қаласындағы жаңа көпқабатты 2 үйге орналасуы, Магистральный ауылының тұрғындарының (3 мыңға жуық) «Western Munai Gas LTD» ЖШС-нің қызметімен байланысты әлеуметтік шиеленісінің жойылуы, облыс орталығында қоғамдық көлікке тарифтің өсуіне жол берілмеуін айтуға болады,- деді Ж.Ахметбек.

  Брифинг барысында сонымен қатар «Балаларға қатысты жыныстық қылмыстарға қарсы іс-қимыл», «Мал ұрлығына қарсы іс-қимыл» , жобалары аясында атқарылған жұмыстар баяндалды. Спикердің айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда мал ұрлығының саны18% төмендеді. Балаларға қатысты қылмыстардың саны 29,4% азайған. Ал «Табиғатты бірге қорғайық» жобасы тұтыну қалдықтарын 100 мың. тоннадан 87 мың тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік берді,

  Облыс прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысын қадағалау басқармасының бастығы Азамат Сәтбаев «Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл» жобасы барысында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

  - Жоба шеңберінде 140-тан астам бейнебақылау камералары орнатырылды. Жылдың соңына дейін тағы 202 камера орнату жоспарлануда. Осылайша ұрлық 5% азайды. 80-нен астам үй домофондармен қамтамасыз етілді. Күзетілетін 5 автотұрақ ашылды,- дейді А.Сәтбаев.

  Айта кетейік, жыл басынан бері облыс прокуратурасымен басқа да уәкілетті органдармен бірлескен «Өзіңнен баста» (мүлдем төзбеушілік қағидаты), «Киік қорғау» жобалары бекітіліп, жүзеге асырылуда.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале