Бөрліде ірімшік цехы ашылды
21 Қазан 2021

Бөрліде ірімшік цехы ашылды

Байтерек ауданында оқушылар арасында аудан чемпионаты өтті
21 Қазан 2021

Байтерек ауданында оқушылар арасында аудан чемпионаты өтті

Жаңақазандықтар жарап тұр
21 Қазан 2021

Жаңақазандықтар жарап тұр

Бөрлілік іскер әйелдер кеңесінің мүшелері қариялармен жүздесті
21 Қазан 2021

Бөрлілік іскер әйелдер кеңесінің мүшелері қариялармен жүздесті

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге басымдық беру керек
21 Қазан 2021

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге басымдық беру керек

Балаларымыз қазақ тілінде сөйлесін десек, экранды түзеуіміз керек - Балаева
21 Қазан 2021

Балаларымыз қазақ тілінде сөйлесін десек, экранды түзеуіміз керек - Балаева

16.09.2021, 15:25
Оқылды: 87
Жол құрылысы талапқа сай болуы тиіс

15 қыркүйекте облыс әкімінің орынбасары Темірхан Меңдіғалиев жұмыс сапарымен Қаратөбе ауданында болды.

 IMG_9684

Ауданға сапары барысында бірқатар құрылыс нысандарының жұмыс барысымен танысқан өңір басшысының орынбасары Темірхан Жалғасұлы алдымен Жусандыой ауылының ауылішілік су құбырының құрылысымен танысты.

IMG_9653

Жусандыой ауылының ауылішілік су құбыры құрылысын жүргізуші мердігер компания «Сәт-Сервис» ЖШС-нің өкілі атқарылған жұмыстар туралы осы салаға жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына егжей-тегжейлі баяндап берді.

IMG_9634

Аталған ауылішілік су құбырының құрылысы 2019 жылы басталған болатын. Жоба құны – 285,4 млн.теңгені құрайды. Құрылыс жұмысы уақытша тоқтатылып, қайта жалғасқан Жусандыой ауылының ауылішілік су құбыры құрылысының жұмысы аяқталып, қазіргі уақытта қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта жалпы ұзындығы 13 шақырым 140 метрді құрайтын су құбыры желісі пайдаланылуға беріліп, Жусандыой ауылының халқын таза ауыз сумен қамтитын болады.

Ауылішілік су құбырын жүргізіп, құрылыс жұмыстарын аяқтаған мердігер компания өкілдеріне бірқатар ескертпелер жасаған Темірхан Жалғасұлы жоба жұмысындағы кеткен кемшіліктерді мерзімінде жоюды тапсырды.

Келесі кезекте облыс әкімінің орынбасары аудан орталығындағы 11 көшеге 9,2 шақырымды құрайтын жолдарды қайта жаңғырту жұмыстарының жүру барысын көріп, мердігер компания өкілдерімен жүздесті.

Жол құрылысын жүргізуші мердігер «Ануш-Құрылыс» ЖШС және жобаның техникалық қадағалау қызметін атқаратын компания өкілдерімен кездескен Т.Меңдіғалиев:

– Жол құрылысын сапалы әрі уақтылы тапсыруға күш салу қажет. Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру үшін жол мәселесі маңызды болып саналады. Қатқыл табанды тас жолдың талапқа сай салынуын қажетті деңгейде қадағалап, олқылықтарға жол бермеуі керек, – деді.

IMG_9688

 

Қатқыл табанды ауылішілік жол құрылысының төрт жоба бойынша жүзеге асырылып жатқандығы, қазіргі таңда жұмыс ауқымының 40 пайызы аяқталғандығын аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Сахипов баяндап берді. Жол құрылысы қараша айында аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

IMG_9707

Бұдан соң өңір басшысының орынбасары аудан орталығында бой көтеріп жатқан тұрғын үй құрылысының басына барды. Ондағы құрылыс жүргізіп жатырған құрылысшылардан жұмыстың жүру қарқынын сұрады.

IMG_9730

 

Ағымдағы жылдың тамыз айында құрылысы басталған 4 пәтерлі үш үйдің құрылысы қолға алынды. Құрылысы келесі жылы ақпанда аяқталуға тиіс тұрғын үйлердің іргетастары құйылған, екі үйдің қабырғасы қалануда.

Салынып жатқан үйлердің жалпы құны – 100,8 млн.теңгені құрайды.

IMG_9732

Құрылысқа жауапты мердігер «Өркен-Сервис» ЖШС. Құрылысқа жергілікті тұрғындардан да жұмысшылар тартылған.

Облыс әкімінің орынбасары Темірхан Меңдіғалиев Қаратөбе ауданына сапары барысында аралаған құрылыс нысандары жұмысының сапалы жүргізілуіне мән беріп, тиісті деңгейде қадағалау болатындығын атап өтті.

 Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале