18.05.2023, 15:01
Оқылды: 71

Жол құрылысы уақытынан бұрын тапсырылады

«AMANAT» партиясының облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторы А.Семғалиева, «Ануш-Құрылыс» ЖШС-ның директоры, облыстық мәслихат депутаты О.Минасян және «AMANAT» партиясы Жаңақала аудандық филиалының төрағасы Т.Жанболатов, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомомбиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Мұратов, аудандық мәслихат депутаты С.Сертеков, «AMANAT» партиясы Жаңақала аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ә.Досмұхамбет, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері З.Жардемова, Р.Уразалиев Қырқопа, Көпжасар ауылдарына кірме жол салу барысы туралы мәселемен ауыл тұрғындарымен кездесті.

IMG-20230518-WA0096

Көпжасар, Қырқопа ауылдарының тұрғындары өткен жылы облыстық мобильді қабылдау шарасында ауылға кірме жол мәселесін көтерген болатын. Қаржы бөлініп, қазіргі таңда құрылысы басталғалы жатыр. Партиялық бақылау комиссиясы жұмыстың мерзімге сәйкес жүргізілуін және сапалы болуы үшін бақылау жасайтындығын жеткізді.

IMG-20230518-WA0102

Кездесу барысында Қырқопа ауылының тұрғындары «ауылдың кіреберісіндегі өзен суы жол құрылысын тоқтатып тастамай ма?» деп алаңдаушылығын білдірді.

Бұл мәселеге орай жол құрылысын жүргізетін мердігер «Ануш-құрлыс» ЖШС-ның директоры О.Минасян жол құрылысы мерзімінде аяқталатынын айтты.

InShot_20230518_143719994

Сонымен қатар жол құрылысының сапасын «AMANAT»  партиясы Жаңақала аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, «AMANAT» партиясы Жаңақала аудандық филиалы жанынан құрылған партиялық бекеттің жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты С.Сертеков және ауыл тұрғындарынан құрылған топ бірге қадағалайды.

IMG-20230518-WA0098

Көпжасар ауылында мобилді топ мүшелері кіреберіс жолдың құрылысының басталғанын көріп, бұл жерде де партиялық бекет құрылды. Партиялық бекетке аудандық мәслихат депутаты А.Бақиев жетекшілік жасап, жол құрылысының сапасын қадағалайды.

IMG-20230518-WA0099

«AMANAT» партиясы

БҚОФ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале