15.12.2022, 15:44
Оқылды: 176

Жолдың жайы талқыға түсті

Дәл қазір облыс әкімі Нариман Төреғалиев Президент тапсырмасы бойынша өңірдегі автомобиль жолдарының мәселелеріне байланысты кеңес өткізуде.

IMG-20221215-WA0037

Кеңес жұмысына облыс әкімінің орынбасарлары, жауапты басқарма басшылары, "ҚазАвтоЖол" АҚ БҚО филиалы басшысы, жол құрылысы бойынша мердігер компаниялардың өкілдері қатысуда.

БҚО әкімінің орынбасары Т.Меңдіғалиев, БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы А.Менеев және "ҚазАвтоЖол" АҚ БҚО филиалы басшысы Қ.Мәмбетов биылғы жылы атқарылған жұмыстар мен жол құрылысы саласындағы өзекті мәселелерді баяндап өтті.

– Жолдардың сапасы және бюджеттен бөлінген қаржының игерілуі қатаң бақылауға алынуы керек. Жосықсыз деп танылған мердігер компаниялар туралы ақпарат ашық жариялануы керек. БАҚ құралдарында мердігерлер туралы ақпарат ашық болуы керек, - деген өңір басшысы Нариман Төреғалиев жауапты мемлекеттік ұйымдарды ашықтық пен бюджет қаржысына есептілікті күшейтуді талап етті.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале