28.01.2022, 17:00
Оқылды: 98

Жүйелі сыбайлас жемқорлық қаңтардағы көтерілістердің триггеріне айналды – Қасым-Жомарт Тоқаев

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Nur Otan" партиясына сыбайлас жемқорлыққа қарсы пайдалы бастамалар ұсынуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220116213406485e

«Nur Otan» партиясы мен жариялаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы аяусыз күрестің алдыңғы шебінде болып, осы күрделі проблема жөнінде пайдалы бастамалар ұсынуы тиіс. Жүйелі сыбайлас жемқорлықтың қаңтардағы көтерілістердің өзіндік триггеріне айналғаны еш жасырын емес», - деді Мемлекет басшысы "Nur Otan" партиясының кезектен тыс XXI съезінде. Президент қоғамда азаматтардың сыбайлас жемқорлық әдетінен мүлдем бас тартуын қалыптастыру маңызды екенін айтты.

«Бұл жұмыс азаматтық қоғамды жұмылдырусыз мүмкін болмайды, партия оның ажырамас бөлігі болып саналады. Сондықтан партия өзінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жаңа мазмұнмен толықтыруы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда "Nur Otan" партиясының кезектен тыс XXI съезі жабық режимде өтіп жатыр. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес, онда – партияның Төрағасын сайлау туралы, жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы үш мәселе қаралады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале