2.12.2022, 13:00
Оқылды: 103

Жүкті әйелдерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізімін қайта қарау қажет - сенатор

Әйелдерді медициналық қызмет түрлерімен қамту деңгейін күшейту керек. Бұл туралы Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

IMG-20221202-WA0022

Оның айтуынша, ана мен бала өлімінің жоғары деңгейі де алаңдатып отыр. Медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген сәттен бастап, сақтандыру жүйесіне енбеген репродуктивті жастағы әйелдер жүктілікке жоспарлы түрде дайындық пен медициналық емдеу қызметтерімен тиісті деңгейде қамтылмай отыр

«Жүктіліктің оныншы аптасынан кейін ғана әйелдер мемлекеттің жеңілдік алатын санатындағы азаматтарының қатарына қосылып, сақтандырылған мәртебеге ие болады. Алайда, осы аралықта болашақ ананы бақылауға алу мен емдеуі үшін маңызды уақыт жоғалады. Еліміздегі ана өлімі бойынша ауыр жағдайды ескерсек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде репродуктивті жастағы әйелдерге көрсетілетін медициналық қызмет көлемдерін қайта қарау қажет», - деді А. Әлназарова Сенаттағы Үкімет сағатында денсаулық сақтау мәселесін талқылау кезінде.

Оның пайымынша, осы санаттағы әйелдерге арналған амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізімін қайта қарау қажет.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда әрбір алтыншы жүктілік түсік жасатумен аяқталады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале