8.01.2021, 11:35
Оқылды: 183

Жүрегіңмен дауыс бер!» жастар акциясы өз жалғасын табуда

Әлеуметтік желілерде «Jas Otan» жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық штабы белсенділерінің бастауымен «Жүрегіңмен дауыс бер!» жастар акциясы өз жалғасын табуда.

73a1528d-5f24-4feb-a7b1-3fcbc1cd0ad1

Аталмыш акция барысында жастар өздерінің инстаграм парақшаларына сайлау туралы ойларын білдіріп, өздерінің оқырмандары мен достарын 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлауға қатысуға шақырды.

Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының ішіндегі жастарға арналған бағыттарын талқылап, өздерінің қолдау тілектерін жеткізді.

Биылғы жылы сайлау науқанында жастар әлеуметтік желілерде ерекше белсенділік танытып түрлі челлендж, эстафеталар ұйымдастырып, сайлауға шақырту-видеолар жасап та үлгерді.

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысының сайлау қоры қаражатынан төленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале