«Маған айнадан Ахмет қарап тұрды!»
5 Желтоқсан 2022

«Маған айнадан Ахмет қарап тұрды!»

Полицияға тастанды сәбилер туралы хабарламаған дәрігерлерге айыппұл салынбақ
5 Желтоқсан 2022

Полицияға тастанды сәбилер туралы хабарламаған дәрігерлерге айыппұл салынбақ

Он саусағынан өнер тамған
5 Желтоқсан 2022

Он саусағынан өнер тамған

Сот жүйесіндегі ІТ-технология
5 Желтоқсан 2022

Сот жүйесіндегі ІТ-технология

Вице-министр жұмыс сапарымен Орал қаласына келеді
5 Желтоқсан 2022

Вице-министр жұмыс сапарымен Орал қаласына келеді

Қаратөбеде «Nurai» тойханасы ашылды
4 Желтоқсан 2022

Қаратөбеде «Nurai» тойханасы ашылды

Журналист болғың келе ме?

Журналист болғысы келетін жастар күн санап көбейіп келеді. М. Өтемісов  атындағы Батыс Қазақстан университеті филология факультетінің деканы Айдарбек Ақболатовтың айтуынша, қазіргі уақытта білім бағдарламасына  сәйкес журналистикаға қатысты негізгі пәндер оқытылып жүр. Студенттер медиа саласындағы мамандардан, облыстық, қалалық газет  редакцияларында қызмет атқаратын білікті журналистерден дәріс алуда.  Жуырда журналистикаға бет бұрып, мақала жазудың шеберіне айналғысы келетін Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің түлегі Әдемі Нұрланқызына, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан  университеті қазақ филологиясы мамандығының 1-курс студенті Зерігүл  Жазыққызына және Орал қаласындағы  Ә.Молдағұлова атындағы  №38  мектеп-лицейінің түлегі, «Алтын белгі» иегері Ақжібек Сағынбайға  сауалнама сұрақтарын жолдап, олардың журналистика жөніндегі ой-пікірлерін білдік.

– Не үшін журналист болғың келеді?

Әдемі:

адеми

– Журналистика жылт еткен жаңалықты жер-жаһанға жеткізу, баспасөз бетіне шығарумен ғана шектелмейді. Журналистика – қызығы мен қиындығы қатар жүретін, көп ізденісті талап ететін сала.

Қазіргі «ақпараттық қоғамда» халықты дұрыс мәліметпен сусындату – ең маңызда қағида. Ал  бұл бірінші кезекте – журналистердің міндеті. Қолына қаламды серік еткендердің мойнына жүктелген міндет, әрине, көп. Мақала-материалдар жүректерге үміт ұялатып, қиындыққа тап болғандардың жүзіне күлкі сыйлайды. Сондай кездерде кеудеде өзіңе деген ризашылық сезімі пайда болады. Сол үшін мен де төртінші билік өкілі атануды мақсат тұттым. Осы салада еңбек етіп, белестерден, асулардан ассам деймін.

Зерігүл:

зеригуль

– Журналистер әлемде орын алған түрлі құбылыстарды зерттеп, тынбай ізденеді. Қоғамдағы өзгерістерді саралап, сауатты пікір білдіреді. Саяси-әлеуметтік мәселелер турасында материалдар дайындайды. Олар өзөзін жан-жақты жетілдіріп, жаңалықтарды жұртшылыққа жедел жеткізеді. Мен де сол қатарға қосылып, әлеуметтік-экономикалық проблемалардың шешімін табужолында аянбай жұмыс істегім келеді. Жауапкершілікті, ізденімпаздықты, жаңашылдықты қажет ететін қызметпен шұғылдану – зор мақтаныш.

Ақжібек:

Акжибек

– Журналист болуды бала кезімнен армандаймын. Арманыма қол жеткізу қиын секілді көрінетін. Ұстаз, актриса, кәсіпкер боламын деп те ойладым. Алайда қайтақайта журналистикаға бүйрегім бұрып, осы саланы таңдадым. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен түрлі сайыстарға қатыстым. Әдеби кештерде жүргізуші болдым. Өзгелер даусыма, сөз саптауыма қарап: «Дайын тұрған дикторсың», «Тілші боласың ба?» дей бастады. Дикторлық курста да үздік нәтиже көрсеттім. Содан кейін «Жас тілші» үйірмесіне жазылып, іздене түстім. Бұйырса, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетіне оқуға тапсырғалы жүрмін.

– Қандай бағытта ізденіп жүрсің?

Әдемі:

– Мен колледжді күні кеше ғана тәмамдадым. Жас маманмын. Мен үшін бәрі де қызық. Тек қана алға ұмтылып, өзімді түрлі бағытта сынап көргім келеді. Журналистика жанрларын егжей-тегжейлі білсем деймін. Қоғамдағы кейбір келеңсіз оқиғалардың орын алу себебін, мақсатын зерттеп, білуге талпынып жүремін. Бұл да журналиске керек қасиет. Кітап оқуды тоқтатқан емеспін.

Зерігүл:

– Баспа – журналистиканың қоғам пікіріне әсер ету функциясын атқарады. Радиожурналистика – оперативті, яғни ақпаратты жедел жеткізуімен ерекшеленеді. Интернет-журналистика – жылдам әрі қысқа жаңалық таратуды көздейді. Тележурналистика – журналистің жан-жақтылығын талап етеді. Міне, осы бағытта ізденіп жүрмін.

Ақжібек:

– Мақалаларым газеттерде, сайттарда жарияланды. Орал қаласының тұрғындарынан сұхбат алып та көрдім. Өз мақала-эсселерімнің басын біріктіріп, жеке журнал шығару ойда бар. Болашақта әлеуметтік желіде белсенділік танытып, подкаст сияқты дүниелерді салып отырғым келеді. Жалпы маған дауыспен жұмыстанған көбірек ұнайды.

– Осы салада кімді үлгі тұтасың?

Әдемі:

– Қысқа ғұмырында жетім-жесірге көмек қолын созып, әділдік пен шындықты ту еткен, «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламаларымен жұртшылыққа танылған марқұм Бейсен Құранбек ағаны үлгі тұтамын. Ол өзгелердің қасірет-қайғысын шын көңілімен тыңдап, солармен бірге қиналып, барынша көмектесті. Кейбір түйткілді мәселелерді тиісті құрылым өкілдеріне жеткізді. Оның шынайылығы, тіпті экраннан да байқалып тұратын. Бейсен Құранбек тек журналист ретінде ғана емес, адам, жеке тұлға ретінде де үлгі тұтарлық жан. Осындай білікті мамандар, шыншыл жандар журналистиканы дамытпақ.

Зерігүл:

– «Хабар» телеарнасының директоры Жайна Сламбек, «Ашық алаң» ток-шоуының продюсері-жүргізуші Нартай Аралбайұлы, журналист, қоғам қайраткері, тележүргізуші Бейсен Құранбек, «Qazaqstan» РТРК Жамбыл облыстық филиалының директоры Мейіржан Әлібекұлы, «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында «Жаңалықтар» бөлімінің қорытынды жаңалықтар жүргізушісі Гүлназ Әлімгерей және TV продюсер Әйгерім Есенәліні үлгі тұтамын. Әрине, бұл тізімді ұзарта беруге де болады.

Ақжібек:

– Мен үшін диктор ретінде қазақтың Левитаны Әнуарбек Байжанбаев және ел жанашыры болған Бейсен Құранбек үлгі.

– Журналист ретінде нендей мәселелерді көтерер едің?

Әдемі:

– Қазіргі балалар телефонға тәуелді. Смартфондағы ойындардың кесірінен түрлі түсі-ніксіз қылықтар шығарады, жиі ашуланады. Балалар – біздің болашағымыз. Оларды дұрыс тәрбиелеу арқылы біз болашақтың іргетасын қалаймыз. Балалар жылына орай осы мәселелер төңірегінде ата-аналар мен балаларға арналған көптеген танымдық іс-шаралар өтсе екен деймін.

Зерігүл:

– Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі да­му стратегиясының басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Қазақстан әлемнің дамыған 30 елінің қатарында болуы керек. Адамдардың қоршаған ортаны қорғауы, салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасы, сапалы білім және кәсіпкерлікті дамыту тақырыптарында ой толғауға тырысамын. Қазақстандықтардың хал-жағдайын жақсарту бағытында жұмыстанбақ ниеттемін.

Ақжібек:

– Не себепті аялдама мен мектептің арасы алыс? Мен журналист ретінде осы секілді өзім тұрып жатқан өңірдегі, қаладағы мәселелерді қозғар едім...

– Жастар журналистика туралы қандай көзқараста?

Әдемі:

– Мектеп түлектерінің көбі газеттерде жарияланған мақалаларды, экрандағы сымбатты журналистерді көреді де тілші болуға шешім қабылдайды. Сол сұлулықтың арғы жағында қаншама еңбек, ізденіс жатыр... Оған да назар аударған жөн. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында көрсетілген «Таңшолпан» фильмі осы саланың қиындығы мен қызығын әдемі сипаттағандай. Өзім аталмыш киноны тебіреніп отырып қарадым. Дегенмен, мен түпкілікті журналист болуға шешім қабылдадым және мақсатыма жету жолындағы кедергілерді жеңіп шығамын деген ойдамын.

Зерігүл:

– Қазіргі таңда жастар ғана емес, күллі адамзат әлеуметтік желіде ағылған мәліметтерді қалт жібермей оқуда. Сондықтан дүдәмал мәліметпен дүниені дүрліктірмей, жаңалықтарды сананың сүзгісінен өткізген дұрыс. Білімді адам билеген заманда журналистиканың сапасына сонда ғана сын келтірмейміз деген ойдамын. «Tengrinews.kz», «ZTB.kz» сынды ақпараттық порталдар мен телеарналардың ресми сайттары сенімді ақпарат тарататынына шын иланамыз.

Ақжібек:

– Жастар журналистерді тек телеарнада сөйлеп тұратындар ғана деп ойлайды. Танымал бір тұлға ретінде қарайтындары да бар. Ал экран артында, жалпы өмірде журналистика телеарнамен шектелмейтіндігін түсіне бермейді.

Сауалнаманы жүргізген Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале