15.05.2023, 12:12
Оқылды: 118

Журналист Виктор Сутягиннің көлігін өртеді деген күдікті ұсталды

Полиция журналист Виктор Сутягиннің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні ұстады.

64619ff72e051777730981

 “Атырау облысының криминалдық полиция қызметкерлері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні анықтап, ұстады”, – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тергеу жалғасуда.

Еске салайық, 11 мамырға қараған түні журналист Виктор Сутягиннің көлігі жарылып, түгі қалмай өртеніп кетті.

ulysmedia.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале