7.06.2022, 15:15
Оқылды: 114

Журналистер қауымы белсенділік танытты

Кешегі өткен референдум әр қазақстандыққа өз пікірін еркін білдіруге мүмкіндік берді. Бұл сайлау еліміздің әр тұрғынының мемлекетті басқару ісіне араласа алатынын дәлелдеді.

92b2b915-1122-487f-959c-335e5d0f30ef

Облыстық қос басылымның және 12 аудандық газеттердің басын біріктірген "Жайық Пресс" медиахолдингінің ұжымы да елдегі саяси науқанның маңыздылығын түсініп, референдумға 100% қатысып, өз таңдауларын жасады. Сол арқылы көздері ашық, көкіректері ояу журналистер қауымы елдегі саяси ахуалды шынайы түсінетіндіктерін, алдағы тың өзгерістер нақты сенетіндіктерін көрсетті.

Ел халқы да өткізілген референдумда белсенділік танытып, өз пікірлерін білдіріп, болашаққа жарқын үмітпен қарайтындықтарын байқатты. Келешекте сол үмітіміз ақталып, келер ұрпағымыз тыныш та жақсы заманда ғұмыр кешеді деп сенейік.

Зұлқожа Шарафутдинов,

"Жайық Пресс" ЖШС кадр маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале