20.04.2024, 14:00
Оқылды: 25

Жүздеген ұландық су тасқыны болған елді мекендер тұрғындарының мүлкін күзетіп тұр

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері тәулік бойы тонауға жол бермеу үшін Қазақстанның су басқан елді мекендерінде патрульдік қызмет атқарып жатыр.

IMG-20240420-WA0079
Қазақстанның солтүстік облыс орталығында өткен тәулікте Есіл өзенінің деңгейі біршама төмендеді.

Су тасқынының екінші толқыны күтілуде. 3200-ден астам үй және 1100-ден астам үй маңындағы аумақтар су астында қалды. Осыған байланысты Петропавл мен Солтүстік Қазақстан облысында жағдай қиын болып тұр.

IMG-20240420-WA0078
Ұлттық ұланның әскери қызметшілері су басқан аумақтарда тұрғындардың меншіксіз қалған дүние-мүліктерінің жоғалып кетпеуін қадағалау мақсатында қызмет атқаруып жатыр.

Петропавл қаласында орналасқан 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілері су басқан шағын аудандарда бақылау бекеттерін құрады және үш ауысымда қызмет атқарады.

Қауіпсіздік мақсатында олар азаматтарды су басқан үйлерге жібермейді.

- Біздер полиция қызметкерлерімен бірлесіп қараусыз қалған үйлерді күзетіп жатырмыз. Көшелерді жаяу патрульдейміз. Сонымен қатар біз су басқан ауылдарда бақылау бекеттерін құрдық, - деді взвод командирі лейтенант Нұрдәулет Айтуаров.

Сонымен қатар су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін Ұлттық ұлан академиясының курсанттары мен елордалық 5573 әскери бөлімінің жеке құрамы тартылды. Олар инертті материал салынған сөмкелерді дайындайды және жинайды.

Жағалауды нығайту жұмысын жүргізеді және бөгетті нығайтады. Сондай-ақ жануарларға арналған азық-түлікті түсіреді.
Жалпы алғанда зардаптардың алдын алу үшін құқық тәртібі әскерлерінің 3000 жауынгері полицейлер, құтқарушылар және еріктілермен бірлесіп азаматтарды эвакуациялауға белсенді қатысады.

Табиғи апат аймағындағы эвакопункттерге гуманитарлық көмек жеткізеді.

6506 әскери бөлімінің (Шымкент қ.) 300 офицері, сержаны мен сарбазы және 5547 әскери бөлімінің (Қызылорда қ.) жеке құрамының 200 адамы Батыс Қазақстан облысында жағалауды нығайту жұмысына, қапшықтарды дайындауға көмектесіп жатыр.

Ал 5517 әскери бөлімінің (Орал қ.) 80 адамнан тұратын әскери қызметшісі патрульдік-бекетте қызмет атқарады.

Тағы 240 адам су тасқынына қарсы іс-шараларда жергілікті тұрғындарға көмек көрсетеді.

Жалпы БҚО-да 860-қа жуық ұландық жұмылдырылды.

Астанадан авиациялық базаның әуе кемелерін тарту жалғасуда. МИ-171Е тікұшақтарындағы және Y-8 әскери-көліктік ұшағындағы ұшқыштар Ақтөбе, Петропавл және Орал қалаларында жұмылдырылған және адамдарды, мүлікті іздеу мен эвакуациялауға және гуманитарлық жүкті жеткізуге әрдайым көмек көрсетуге дайын.
Айта кетейік, су тасқыны басталғаннан бері 125 әуе және автомобиль техникасы пайдаланылып жатыр.

Ұландықтар 1674 адамды эвакуациялады, инертті материалдары бар 787 мың қапшық дайындады және төседі.

Сондай-ақ 138 тонна гуманитарлық көмек жеткізді.

ҚР Ұлттық ұланының

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале