29.02.2024, 23:00
Оқылды: 57

Жүзуден Қазақстан құрамасы 20 алтын медаль жеңіп алып, Азия чемпионатын тарихи нәтижемен аяқтады

Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен әр жастағы XI Азия чемпионатында жүзуден жарыс аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 

IMG-20240229-WA0083

Шешуші жарыс күні қазақстандық спортшылар тағы 6 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.

IMG-20240229-WA0064

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

А тобы:

Әділбек Мусин, 50 м баттерфляй-алтын

Ксения Игнатова, шалқалай жүзу 200 м - алтын

София Сподаренко, 50 м баттерфляй -алтын

Диана Тасжанова, шалқалай жүзу 200 м - күміс

В тобы:

Егор Попов, шалқалай жүзу 200 м - алтын

София Абубакирова, 50 м баттерфляй - алтын

Максим Сказобцов, 50 м баттерфляй әдісі - алтын

Арсен Қожахметов, 200 м брасс - қола

Даниил Черепанов, 100 м еркін стиль - қола

IMG-20240229-WA0077

Төрт жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 20 алтын, 11 күміс, 5 қола жүлде бар. Бұл нәтиже отандық құрамаға Жапониядан кейін командалық есепте екінші орын алуға мүмкіндік берді (36 алтын, 20 күміс, 15 қола). Сондай-ақ қазақстандық жүзгіштер Азия чемпионатының 14 рекордын және Қазақстанның 3 рекордын орнатты.

IMG-20240229-WA0079

Ертең 1 наурызда суға секірушілер жарысы аяқталады. Қазір біздің қоржында 1 алтын, 3 күміс мен 1 қола медаль бар. 2-6 наурыз аралығында көркем жүзуден жарыс өтеді, ал 3-9 наурыз аралығында су добының шеберлері бақ сынайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале