30.12.2021, 16:44
Оқылды: 222

Жыл басынан бері 1200-ден аса бала қызылша ауруымен ауырды

Алматыда 2021 жылдың 11 айында қызылша жұқтырғандар саны 1282-ге жетті. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

19

Санитария дәрігерлері қала бойынша 2021 жылдың 11 айында қызылша ауруын жұқтырған 1282 дерек тіркелгенін айтты. Кейінгі жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жұқтырғандар 30 пайызға төмендегені байқалады. Алайда бұл статистикада желтоқсан есепке алынбаған.

"14 жасқа дейінгі балалар әлі де қызылшамен ауырады, олардың үлесі - 87,4 пайыз, жасөспірімдер - 1 пайыз, ересектер арасында - 11,6 пайыз. Мегаполисте қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты", - деді департамент өкілі.

Департамент тарапынан барлық ошақта эпидемияға қарсы іс-шаралар, соның ішінде халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Медициналық ұйымдардың қызметкерлері ауырған адаммен байланыста болғандарды бақылап, барлық науқасқа симптоматикалық емдеу тағайындаған.

"Ауруға қарсы нақты шара жоқ. Халыққа спецификалық емес профилактиканың жалпы шараларын сақтау қажет: адам көп жиналатын орындарға бармау, қоғамдық орындарға барған кезде бетперде тағу, үй-жайды жиі желдету және қол жуу. Сондай-ақ, ата-аналарға ауру белгілері бар балаларды көпшілік жерге, мектептерге жібермеуге кеңес береміз", - деп ескертті санитария дәрігерлері.

Қызылша - ауа тамшылары арқылы берілетін вирус инфекциясы, нәтижесінде теріде және шырышты қабықтарда ұсақ көпіршіктер түрінде бөртпелер пайда болады. Инфекцияның жалғыз таратушысы - адам. Науқастар инкубациялық кезеңнің соңында (бөртпе пайда болғанға дейін 48 сағат бұрын) және бөртпенің соңғы элементі пайда болған сәттен бастап бесінші күнге дейін вирус қатты жұқпалы болады. Инфекцияның берілу жолы - ауа тамшылары. Вирустар түшкіргенде, жөтелгенде, сөйлескенде көп мөлшерде бөлінеді. Жүктілік кезінде вирустың анадан ұрыққа берілуі де мүмкін. Үшінші адам арқылы инфекция берілмейді. Аяқкиім мен киім арқылы вирус үйге келуі мүмкін емес. Вирустың құбылмалылығына байланысты ол 20 метрге, бір қабаттан екінші қабатқа дейін таралуы мүмкін.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале