8.11.2021, 18:00
Оқылды: 139

Жыл басынан бері Қазақстанда 9 мыңнан астам өрт болды

Жыл басынан бері Қазақстанда 9 мыңнан астам өрт болды және 300-ге жуық адам қаза тапты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

62

«Күн сайын біздің бөлімшелеріміз әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 100-150 рет тапсырмаға шығады. Әрине, олардың негізгі үлесі өртті сөндіруге тиесілі. Жыл басынан бері 10 айда ел бойынша 9 мыңнан астам өрт болды. Онда жарақаттанғандар саны 358 адамды, қаза болғандар саны 297 адамды құрады. Ал 4 394 адам құтқарылды», - деді Н. Дербісов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің айтуынша, жалпы, өрт көлемі 8%-ға, тұрғын үй секторындағы өрт көлемі 13,6%-ға төмендегені байқалады. «Дегенмен, өрт санының жалпы төмендеуі кезінде де қаза тапқандар саны 16%-ға, жарақат алғандар саны 45%-ға өсті», - дейді Нұрболат Дербісов.

Сурет: bing.com

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале