6.11.2023, 17:45
Оқылды: 65

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары қанша жұмыскердің құқығын қорғады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 915 кәсіпорны 24 мың жұмыскерге 6,2 миллиард теңгеден астам жалақы бойынша берешек екенін анықтады.

ЖП ақша 2

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 218 нұсқама беріліп, 169,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 21 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,3 млрд теңге төленген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале