Мәдениет майталманының мерейтойы
9 Желтоқсан 2022

Мәдениет майталманының мерейтойы

Ардагерлер фестивалі өтті
9 Желтоқсан 2022

Ардагерлер фестивалі өтті

Шыңғырлауда «Жомарт Жүрек – 2022» премиясы берілді
9 Желтоқсан 2022

Шыңғырлауда «Жомарт Жүрек – 2022» премиясы берілді

Қос ауылға - жаңа бағандар
9 Желтоқсан 2022

Қос ауылға - жаңа бағандар

Сессияның жұмысына үзіліс жарияланды
9 Желтоқсан 2022

Сессияның жұмысына үзіліс жарияланды

Кеңес мүшелерінің келісімі берілді
9 Желтоқсан 2022

Кеңес мүшелерінің келісімі берілді

Жыл басынан бері Ресейден Қазақстанға 1,6 миллион адам келген

Қазақстанға шетелдіктердің жаппай келуіне байланысты Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі комитеті мәлімдеме жасады. Ұсынылған мәліметке сәйкес, жыл басынан Қазақстанға Ресейден 1 660 000 адам кірсе, 1 640 000 адам шыққан. Ведомство өкілі қазіргі таңда шетелдіктердің еліміздің аумағына кіруі бақылауда екенін қосып өтті, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі. 

IMG_20220924_095508

Сурет: stan.kz

Көші-қон қызметі комитеті басшысының міндетін атқарушы Аслан Аталықов шетелдіктердің Қазақстан аумағына келуі заңдық негізде реттелетінін айтты.

"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін Қазақстан Республикасында болудың рұқсат етілген мерзімі мемлекеттік шекарадан өткен күннен бастап, ортақ ереже бойынша 90 күннен кейін аяқталады", – деді ол өз сөзінде.

Сонымен қатар жыл басынан бері елге 4,3 миллион шетелдік келсе, оның 4,2 миллионы ел аумағынан шыққан.

"Соның ішінде Ресей Федерациясының 1 660 000 азаматы келсе, 1 640 000 елден шықты. Көші-қон процестеріне мониторинг жүргізілуде. Ішкі істер органдары келушілердің белгіленген болу ережелерінің сақталуын бақылауда", – деді Аслан Аталықов.

Шетелдіктер Қазақстанда болу тәртібін бұзса, тиісті шаралар қабылданады. Көші-қон қызметінің мәліметінше, мұндай азаматтар мәжбүрлеп шығару және 5 жыл мерзімге елімізге қайта кіруге тыйым салу түріндегі қосымша санкция қарастырылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале