20.12.2023, 9:00
Оқылды: 62

Жыл қорытындысы: медицина сапасын жақсарту және жаңа мекемелердің құрылысы

Биыл отандық денсаулық сақтау үшін маңызды жыл болды. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру басталды. Астанада бірегей жабдықтармен жарақтандырылатын Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы аяқталуда, азаматтар үшін медициналық скринингтер кеңейтілді және тағы басқасы.

медпункт (2)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында Үкіметке денсаулық сақтау мен жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру тәсілдерін қайта қарауды тапсырды.

«Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек. Мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін тиімді пайдаланған жөн. Медицина – инвестиция салуға қолайлы сала. Тек оған дұрыс жағдай жасау қажет», — деді ҚР Президенті.

Биыл Қазақстанның денсаулық сақтау саласында қол жеткізілген нәтижелер туралы осы шолудан оқыңыз.

Биыл республика өңірлерінде 90 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынды, оның ішінде 59-ы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде іске қосылды. Сонымен қатар 80 медициналық мекеме жөнделіп, 4 көпсалалы орталық аудандық аурухананы күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Стационарларда 3 млн-ға жуық адам көмек алды, алғашқы медициналық-санитариялық көмек желісі 90 мл-нан астам адамды қабылдады, 360 мыңнан астам жаңа туған нәресте дүниеге келді (11 айдың қорытындысы бойынша), жедел медициналық жәрдем күштерімен 8 млн шақырту бойынша көмек көрсетілді.

● Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 ай ішінде халықтың жалпы өлім-жітімінің көрсеткіші 5,7%-ға, қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім-жітім – 6,9%-ға, қатерлі ісіктерден – 0,6%-ға, тыныс алу органдары ауруларынан – 4,7%-ға, туберкулезден 22,1%-ға төмендеді. 11 айда нәресте өлімі 9,6%-ға, ана өлімі 24,4%-ға төмендеді.

● Осы жылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру 2,5 трлн теңге болды. Амбулаториялық деңгейдегі шығындар ұлғайтылып, жалпы көлемнің 56%-ын құрады. Бұл ретте медициналық оңалтуды қаржыландыру 13 есеге – 2019 жылғы 6 млрд теңгеден 2023 жылы 78,1 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Жалпы Қазақстан 2027 жылға қарай медицинаға жұмсалатын шығыстардың үлесін ЖІӨ-нің 5%-на дейін жеткізу жөніндегі мақсатқа жету үшін сенімді түрде қадам басып келеді.

● Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 2 еседен астам ұлғайды және 237 млрд теңгені, оның ішінде орфандық ауруларды емдеу 51,8 млрд теңгені құрады. Барлығы 3,9 млн пациент дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.

● Республиканың 20 медициналық ұйымында дәрілік заттардың пациентке дейін (таңбалау, кодтау) жетуін қадағалауға мүмкіндік беретін дәрілік заттарды бөлудің толық циклі іске қосылды.

ҚР медициналық мекемелері үшін 58,8 млрд теңгеге 514 бірлік медициналық техника сатып алынды. Медициналық ұйымдардың медициналық жабдықтармен жарақтандырылуы 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда 2,5%-ға ұлғайып, 84,15%-ке дейін жетті.

● 2023 жылы көрсетілген консультациялық-диагностикалық қызметтердің саны 2,5 есеге артып, 324 млн-нан асты. Биыл 1,1 млн адам қымбат диагностикалық қызмет түрлерін (КТ/МРТ) алды.

Толығырақ: Primeminister.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале