22.12.2023, 12:30
Оқылды: 65

Жыл қорытындысы: өңдеу өнеркәсібінде қандай серпінді жобалар жүзеге асты?

Биыл еліміз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған және халықтың өмірін жақсартуға бағытталған жаңа экономикалық модельге көшуді бастады.

image3

Ол үшін еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыруға баса маңыз берілген құрылымдық экономикалық реформалар белгіленді.

«Өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет. Біз ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асыруымыз керек. Экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды міндетке айналуда. Бұл ретте металды терең өңдеу, мұнай-газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, автобөлшектер және тыңайтқыштар шығару сияқты бағыттарға айрықша назар аударған жөн. Басқаша айтсақ, жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құру керек», — делінген ел Президентінің халыққа Жолдауында.

Primeminister.kz редакциясы жылды қорытындылай келе, отандық өнеркәсіпте қол жеткізілген нәтижелерге шолу жасады.

Биыл елімізде өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны 488 млрд теңге болатын 126 жаңа жоба іске қосылды. 8,9 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды. Айта кетейік, жұмысқа орналастыру шараларымен қалалар, моноқалалар және ауыл тұрғындары қамтылуда.

Ел экономикасы үшін ең негізгі және маңызды жобалар қатарында:

– Тамыз айында Дөң тау-кен байыту комбинатының жиналған шламдарын өңдейтін байыту фабрикасы іске қосылды. Зауыттың қуаттылығы жылына 400 мың тонна хром концентратын құрайды, жалпы инвестиция көлемі — 96 млрд теңге. Жоба аясында 400-ге жуық жұмыс орны ашылды. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде бұрыннан жинақталып қалған 14,5 млн тонна қалдық өңделеді.

– Қараша айында Қарағанды ​​облысында арнайы кокс шығаратын ауқымды жоба техникалық түрде іске қосылды. Қуаттылығы жылына 400 мың тонна болатын кәсіпорында 184 жұмыс орны ашылды. Арнайы кокстан бөлек, зауытта жылына 72 мың тонна көмір шайыры мен көмір майын өндіру де жоспарланып отыр.

– Қараша айында Қарағанды облысы Саран қаласының индустриялық аймағындағы Silk Road Electronics зауытында отандық тұрмыстық техника өндірісі ашылды.
Автоматтандырылған кәсіпорында Artel брендімен су жылытқыштар, шаңсорғыштар, ас үй плиталары, шағын пештер, ас үй ауасын тазартқыштар, жартылай автоматты кір жуғыш машиналар мен теледидарлар сияқты 7 түрлі өнім шығарылады. Зауыт 2025 жылға қарай толық қуатына шыққанда жылына 1,1 млн дана өнім шығарылады.

Толығырақ: primeminister.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале