14.11.2022, 17:16
Оқылды: 29

Жыл сайын 30-дан астам адам газдан уланып көз жұмады

Газды дұрыс пайдаланбаудың кесірінен жыл сайын 30-дан астам адам уланып көз жұмады. Төтенше жағдай министрінің орынбасары Марат Күлдіков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2

Фото: aif.ru

«Жылу беру кезеңіндегі күрделі мәселенің бірі – тұрмыстық газды пайдалану. Көбінесе, бір пәтерде газ баллонын дұрыс пайдаланбау және оны сақтау көрші пәтердегі адамдарға қауіп төндіреді. Қолдағы мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын ел аумағында табиғи және сұйытылған газбен уланудың салдарынан 30-дан астам адам қайтыс болады. Ал газ баллон жарылған кезде бір топ адамның өліміне әкеліп соғады», -деді Марат Күлдіков.

Айтуынша, азаматтардың ескірген және жарамдылық мерзімі өтіп кеткен баллондарды пайдалануы жағдайды қиындатып отыр.

«Тұтынушылардың көпшілігі, әдетте, баллондарын жақын маңдағы жанармай құю бекеттерінде толтырады. Алайда, заңға сәйкес жанармай құю бекеттерінде тұрмыстық баллондарды толтыруға тыйым салынады, бұл газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздік талаптарын бұзу болып табылады», - деді вице-министр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале