23.11.2022, 17:16
Оқылды: 24

Жыл соңына дейін республикалық жолдардың 91 пайызы талапқа сай болады – комитет

Елімізде қолданыстағы 11 мың шақырымнан астам автожол қайта салынып жатыр. Оның 7 мың шақырымы - республикалық маңызы бар жол. Бұл туралы автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

221123172243808e

«11 мың шақырымнан астам автожолдың ішінде республикалық маңызы бар 7 мың шақырым және жергілікті маңызға ие 4,6 мың шақырым жол бар. Сонымен қатар 4 мың шақырым республикалық маңызы бар жол қайта жөнделіп жатыр. Оның 1,2 мың шақырымын жуырда аяқтаймыз. Күрделі және орташа жөндеумен шамамен 3 мың шақырым жол қамтылды, соның 900 шақырымын жөндеу аяқталады. Жергілікті маңызға ие автожолдарға келсек, 4,6 мың шақырым жол қайта жөндеуден өтіп жатыр», - деді Төлеген Абдуллин орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жыл қорытындысы бойынша республикалық жолдардың 91%, ал жергілікті көлік жолдарының 85% нормаға сай болады.

«Жолдарды реконструкциялау бойынша 17 жоба іске асып жатыр. Атап айтсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл 72 шақырым болатын «Подстепное – Федоровка» автожолының екі учаскесін реконструкциялауды бастадық. Оған 6 млрд теңге бөлінді. Қалған 2 учаскеге қаражат тарту жағы пысықталып жатыр», - дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 1 қарашада ақылы автожолдардан қазынаға 25 млрд теңге пайда түсті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале