31.12.2021, 10:20
Оқылды: 162

Жыл жетістіктері

2021 жылдың 14 мамырында «Aqjaiyq Invest-2021» инвестициялық форумы  онлайн режімде өтті. Форумға  министрліктер, «KAZAKH INVEST»  ҰК»  АҚ, Израиль, Австрия, Бельгия елшіліктерінің өкілдері, Ресей  Федерациясының  шекаралас  облыстарының, «ҚПО  б.в.» компаниясының, даму институттарының бизнес өкілдері  қатысты. Бұл шара өңірдің инвестициялық әлеуетімен таныстыру, облыстың әлеуметтік-экономикалық  дамудағы  жетістіктерін көрсету және тәжірибе  алмасу мақсатында  ұйымдастырылды.

siyr-zhyly

2021 жылы инвестиция тарту, инвестициялық ахуалды жақсарту және экспортты ілгерілету жөніндегі өңірлік кеңестің 5 отырысы өтті. Онда 3900-ден астам жұмыс орнын ұсынатын жалпы құны 566,6 млрд теңгені құрайтын 23 жаңа жобаға қолдау көрсетілді.

Бұдан  бір  жыл  бұрын    «Бизнес  үшін  үкімет»  жобасы  іске  қосылды.  Жоба  бизнесті  ашу  және  қолдау  үшін  50-ден  астам  мемлекеттік  қызмет  түрін  ұсынады.  Биылғы  жылы  осы  жоба  аясында  400-ге  жуық  кәсіпкерлік  субъектілеріне  70-тен  астам  кеңес  және  500-ден  астам  қызмет  көрсетілді.

Өңірде  инвестиция  тарту  және  инвестициялық  ахуалды  жақсарту  үшін  инвестициялық  портал  жұмыс  істейді.

Инвестициялық  портал  – invest07.gov.kz  негізіндегі  үш  тілді  онлайн  платформа.  Онда  өңір  туралы  және  жүзеге  асырылып  жатқан  инвестициялық  жобалар,  облыстағы  отандық  өндірушілер,  инвесторға  арналған  жобалар,  инвесторларға  берілетін  инвестициялық  артықшылықтар  туралы    сенімді  ақпараттар  бар.  Сонымен  қатар  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  саласының  100    жобасы,  кәсіпкерлікті  жүзеге  асыратын  инвесторларды  мемлекеттік  қолдау  шаралары,  инвестициялауды  қажет  ететін  жобалар,  бос  жер  телімдері,  бос  орынжайлар  жайындағы  егжей-тегжейлі  мәліметтер  аудан  және  қала  бойынша  облыстың    интерактивті  инвестициялық  картасында  көрсетілген.

Сиыр жылы өңірде 6 ірі  жоба жүзеге  асырылды.

Олардың  қатарында  Қарашығанақ  өңдеу  кешеніндегі  газды  қайта  айдауға  арналған  төртінші  компрессор,    «Квант»  ЖШС-ның жиһаз  фабрикасы, «UralskTradeCompany»  ЖШС-ның  сүт  зауыты,  «World  Green  Company»  ЖШС-ның  өнеркәсіптік  жылыжай  кешені,  «134»  ЖШС-ның  кірпіш  зауытының  құрылысы,  «Baystone»  ЖШС-ның  көкөніс  сақтау  қоймасының  құрылысы  сынды  ірі  жобалар бар.

Сондай-ақ  облыстың  инвестициялық  тартымдылығын  арттыру  мақсатында инфрақұрылымы  бар  индустриалды  аймақ  құру,  тауарлы-сүт  фермасын  салу,  болат  құю  өндірісі,  сұйық  метанол  өндіру,  қорғасын-қышқылды  аккумуляторлар  өндірісі,  мұнай  өңдеу  зауыты  және  жылыжай  құрылыстары  жобалары  «жандануда».

Тасқала ауданындағы Шежін ауылдық округінің әкімі Алғадай Жамбыл  қазан айында өткізілген «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды. Алғадай Жамбылұлы  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының грамотасымен  және «Үздік ауыл әкімі» мүсіншесімен (статуэткасымен) марапатталды.

Биыл облыста екі   өндірістік  жылыжай іске қосылды.  Орал қаласындағы Зашаған кентінде «Орал Жылыжай Комбинаты» ЖШС жалпы ауданы 5,6 гектар  жылыжай кешенін  ашты. Бәйтерек ауданының Новеньки ауылында «World Green Company» ЖШС-ның ауданы 11,8 гектар жылыжай кешені жұмысын бастады.

Биыл Жаңақала ауданындағы «Бәйтерек» және Теректі ауданындағы «Сырым.kz» шаруа қожалықтары әрқайсысы 1000 басқа арналған бордақылау алаңдарын ашты.

Гүлбаршын Әжігереева,

Ясипа Рабаева,

zhaikpress.kz

Фотосурет: egemen.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале