29.12.2020, 16:17
Оқылды: 290

Жылдың соңғы жәрмеңкесі

Өткен сенбі күні Оралдағы М.Ықсанов көшесі бойында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

 жәр

Жәрмеңке ашылған бойда халық тарапынан сұранысқа ие азық-түліктің негізгісі ет болды. Себебі қысқа қамданған тұрғындар үшін  жәрмеңке еттің нағыз керек уақытында ұйымдастырылып, кейбірі биылғы соғымын осы жерден сатып алды. Оған жылқы, сиыр және қой еттері базар бағасынан біршама төмен болуы да әсер еткені анық.

Жәрмеңкеге Орал қаласындағы 50-ден аса тауар өндіруші мен Қаратөбе, Сырым, Жәнібек, Бөкей ордасы және Шыңғырлау аудандарының шаруашылықтары қатысты. Нарықтағы бағадан 15-20%-ға төмен болған азық-түлік көпшіліктің сұранысына ие болды. Нәтижесінде 5 тонна ет пен шұжық өнімдері, 1000 литр күнбағыс майы, 300 кг балық, 1 тонна картоп  және т.б. өнімдер сатылды.

 

Гүлжанат Сембаева,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале