18.06.2021, 9:43
Оқылды: 348

«Жылқы – мемлекеттің айнасы»

Тәуелсіздігіміздің балаң шағында Елтаңбамызды талқылау кезінде кейбір отандастарымыз «рәмізімізге жылқы салып не керек, ал қанатты атының не қажеттілігі бар?» деп бұра тартқан екен. Қаламгер ретінде ғана емес, қайраткерлік, саясаткерлік қасиеттерімен танылған Әбіш Кекілбаев сол кезде  «Қазақ қазақ болғаны үшін, мың өліп, мың тіріліп жүріп, қазақ болып қалғаны үшін жылқыға қарыздар. Қазақ аттың жалында, түйенің қомында жүріп, іргелі ел, қабырғалы халық болған. Қазақты жылқы мінезді дейді. Жылқының еті де, сүті де дәрі. Қазақтың жылқысыз күні жоқ. Жылқы –қасиетті, киелі Қамбар атаның түлігі. Өңіңде түгілі, түсіңде атқа мінсең, бақытты боласың. Қанатты ат – қазақтың қырғидай қиялы, Алатаудай арманы. Қанатты ат – қазақтың жарқын болашағы, кемел келешегі. Қанатты ат – жақсылықтың нышаны, жаңалықтың жаршысы» дегенде қарсы болып отырған депутаттар сілтідей тынып, бұл жобаға бірауыздан дауыс берген  көрінеді.

жылкы

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 18 маусымдағы №49 санындағы журналист Сәкен Мұратұлының «Жылқы – мемлекеттің айнасы» атты мақаласынан оқып біле аласыздар!

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале