24.11.2021, 10:00
Оқылды: 77

Жылы аялдамалар көбеймек

Облыс орталығындағы Әбілқайыр хан даңғылының бойындағы «Жигули» және Н.Назарбаев даңғылындағы «Өлкетану  музейі» аялдамасында жылы аялдама павильондары орнатылды. 

4

Жылы аялдамалардың құрылысын мемлекеттік сатып алу порталында өткізілген конкурс негізінде жеңімпаз болған «Баталасу» ЖШС жүргізді.  Жылы павильондар  халыққа қолайлы болуы үшін салқындатқышпен, жылытқыш қондырғылармен жабдықталған. Сондай-ақ аялдамаларда телефон қуаттағыш розеткалары, жан-жақты бейнебақылау камерасы бар. «Смарт қала» компаниясы Жуков көшесіндегі «Теміржол» және  Абай даңғылындағы «Евразия» аялдамаларының жылы павильондарында  жол­ақыны электронды төлеуге арналған төлем карталарын сатуды ұйымдастыруда. Автобус күтіп тұрған жолаушылар сол жерде төлем картасының теңгерімін де толтыра алады, – дейді Орал қалалық тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімінің бас маманы Нұрлыбек  Мұхамбетқалиев.

Бас маманның айтуынша, биыл екі жылы аялдамадан бөлек, 20 ашық аялдама павильонын салу бойынша мемлекеттік сатып алу порталында конкурс өткізілген.  Бұл конкурста да «Баталасу» ЖШС жеңімпаз атаныпты. Аталмыш  аялдамалардың құрылысы жақын күндері аяқталады.

5

Нұрлыбек Мұхамбетқалиев айтып өткендей, былтыр бір жылы аялдаманың құрылысына 7,5 млн теңгеге жуық қаражат кеткен. Биыл мұндай аялдаманы орнатуға 10 млн теңге жұмсалмақ. «Бұл қаражатқа бұрыннан тұрған аялдаманы бұзу, оның орнын тазарту,  коммуналдық желілерге қосу жұмыстары да кіреді. Ал жаңадан салынып жатқан ашық аялдамалардың біреуінің бағасы 1,5 млн теңгеге бағаланып отыр»,– дейді бас маман. Оның сөзінше, жылы павильондар алдымен халық көп шоғырланатын аялдамаларға қаланың сәулеттік келбетін жақсарту үшін орнатылады. Алдағы жылы бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда, тағы да  екі жылы аялдама мен 30 ашық үлгідегі  аялдама  салынбақ.

Айна  Имашева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале