Үш бөлмелі пәтер сыйлады
22 Сәуір 2021

Үш бөлмелі пәтер сыйлады

24 сәуірде «Ашық әкімдік» ашық есік күні өтеді
22 Сәуір 2021

24 сәуірде «Ашық әкімдік» ашық есік күні өтеді

Оң баға берді
22 Сәуір 2021

Оң баға берді

Қыршын кеткен бәйтеректік сарбаздар
22 Сәуір 2021

Қыршын кеткен бәйтеректік сарбаздар

Бәйтеректе қоқыс мәселесі шешілер емес
22 Сәуір 2021

Бәйтеректе қоқыс мәселесі шешілер емес

Қазақстанда 800 мыңға жуық адамға коронавирус вакцинасы егілді
22 Сәуір 2021

Қазақстанда 800 мыңға жуық адамға коронавирус вакцинасы егілді

1.03.2021, 17:17
Оқылды: 321
Жылыту ақысын қалай үнемдеуге болады: БҚО бойынша ТМРКД басшысының нұсқаулығы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу департаментінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басшысы Алмас Отаров жылу үшін ақы төленетін схемалар туралы айтып берді және Орал қаласында жылу үшін артық төлемеу туралы тұтынушыларға бірқатар құнды кеңестер берді.

D9968C72-6DB1-4BD2-B152-44819BDBAB66

Алмас Отаров шағымдардың негізінде әртүрлі өңірлерде жылу жеткізушілерге қатысты жоспардан тыс тексерулер басталғанын, олар табиғи монополиялар субъектілерінің іс-әрекеттеріндегі бұзушылықтарды көрсеткенін еске салды.

Жылыту ақысын қалай үнемдеу керектігін жақсы түсіну үшін жылумен жабдықтау қызметтері үшін төлем мөлшерін есептеу механизмі туралы көбірек білу керек. Жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет үшін төлемақы мөлшерін есептеу тетігі «Табиғи монополиялар туралы» Заңда және тарифтерді қалыптастыру қағидаларында айқындалған.

«Табиғи монополиялар туралы»  Заңға сәйкес табиғи монополия субъектісі бекітілген тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуға міндетті.

Мұнда ең маңызды аспект - жылумен жабдықтау қызметтерінің тарифі тұтынушыда есептеу құралының болуына немесе болмауына байланысты сараланады. Үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабы болған кезде жылу үшін төлем мөлшері ай сайынғы көрсеткіш пен бекітілген тариф негізге алына отырып айқындалады. Ал үйге ортақ есепке алу аспабы болмаған жағдайда жылу үшін төлем мөлшері жергілікті атқарушы орган бекітетін есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтеріне тұтыну нормасына және бекітілген тарифке сүйене отырып, есептеу жолымен айқындалады. Бұл ретте есептеу құралдары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің тарифі есептеу құралдары бар тұтынушыларға қарағанда жоғары екенін атап өткіміз келеді, - деді Алмас Отаров.

 Қазіргі уақытта Орал қаласында 1208 тұрғын үйдің 974-і «Жайықжылуқуат» АҚ табиғи монополияның базалық субъектісінің 1002 жалпыүйлік жылу энергиясын есептеу аспаптарымен жабдықталған (100 %) және 234 тұрғын үйдің есептеу құралын орнатудың техникалық мүмкіндіктері жоқ, бұл барақ үй-жайлары, ескі үйлер, авариялық жағдайдағы үйлер.

Жалпыүйлік жылу энергиясын есепке алу аспаптарымен жабдықталған тұрғын үйлердің, сондай-ақ осындай аспаптарды орнатуға техникалық мүмкіндіктері жоқ тұрғын үйлердің тізімдерімен «Жайықжылқуат» АҚ-ның сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: http://jte.kz/press-centr/planovye-raboty.html

Сондай-ақ жылу энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес жылу энергиясын есепке алу үшін түрлері өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген, өлшем құралдарын бастапқы немесе мерзімдік тексеру туралы құжаттары бар коммерциялық есепке алу аспаптары пайдаланылады. Жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарын ұстау, техникалық қызмет көрсету және тексеру теңгерімдік тиесілігіне сәйкес жүзеге асырылады.

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары мемлекеттік метрологиялық қызметпен, сондай-ақ осы қызмет түріне аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерімен есепке алу аспабының түріне байланысты 4 жылда 1 рет жүзеге асырылатын салыстырып тексеруге жатады.

2020 жылы «Жайықжылуқуат» АҚ деректері бойынша Орал қаласының 310 тұрғын үйінде орнатылған 310 жалпыүйлік жылу энергиясын есептеу құралдарына тексеру жүргізу мақсат етілді, алайда жылу энергиясын есептеу құралын орнату себебінен туындаған «Жайықжылуқуат» АҚ-ның  қаржылық қиындықтарына байланысты 260 тұрғын үйде 260 жылу энергиясын есептеу құралын тексеру 2021 жылға ауыстырылды.

Сондай-ақ, 2020 жылы тексерістен өтпеген 260 аспапты ескере отырып, 2021 жылы Орал қаласының 498 тұрғын үйінде орнатылған 513 жылу энергиясын есепке алу аспаптарын тексеру қажет екенін хабарлағымыз келеді.

2020 жылы жылу энергиясын есепке алу аспаптарын тексеру мерзімі өткен тұрғын үйлердің тізімімен және 2021 жылы жылу энергиясын есепке алу аспаптарын тексеруді жүргізу қажет болатын Орал қаласындағы тұрғын үйлердің тізімімен «Жайықжылуқуат» АҚ-ның сайтында танысуға болады http://jte.kz/press-centr/planovye-raboty.html

Қазақстан Республикасының Тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес, мүлік меншік иелерінің бірлестіктері (МИБ) немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген тұлғасы не көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания (ПИК) үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарына уақтылы тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді. 

Мысал ретінде 2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымында және 2020 жылғы қазан мен 2021 жылғы қаңтар аралығында жалпыүйлік жылу энергиясын есепке алу аспаптары (ЖҮЕА) болған және болмаған жағдайда, ауданы 57,3 ш.м. 2-бөлмелі пәтер бойынша Орал қаласында жылу үшін төлем есебі жүргізілді.

   2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымы үшін төлем сомасы (2 бөлмелі пәтер, S=57,3 ш. м) 1685,19

20210301_170951

     2020 жылғы қазаннан  2021 жылғы қаңтарға дейінгі кезеңдегі төлем сомасы (2 бөлм. пәтер, S=57,3 ш. м)

20210301_171005

 2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымында есептеу құралы бар 2 бөлмелі пәтердің тұтынушысы жылу энергиясын есептеу құралы жоқ тұтынушымен салыстырғанда 15 384,27теңгеге аз төледі. Ал 2020 жылдың қазаны мен 2021 жылдың қаңтары аралығында үнем 10 340,8 теңгені құрады.

Бұл ретте, 2019 жылдан бастап  «Жайықжылуқуат» АҚ тарифі халық үшін 1 гкал үшін ҚҚС-мен 4159,71 теңге өзгеріссіз әрекет еткенін атап өтеміз, ал «Жайықжылуқуат» АҚ-ның тарифтердің шекті деңгейін бекітуге өтінімін өз бетінше кері қайтарып алуға байланысты, Департамент 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап инвестициялық бағдарламаға бағытталған амортизациялық қаражатты шегергенде тариф бекітті, нәтижесінде халық үшін ҚҚС-мен 1 гкал үшін 4099,56 теңгені құрады.

Үйге ортақ жылу энергиясын есептеу құралының болуы бұл ең алдымен тұтынушының өзі үшін жақсы және тиімді, өйткені ол жылумен жабдықтау қызметтерін үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Жайықжылуқуат» АҚ-ның жылумен жабдықтау жүйесінің жабық түрі ыстық сумен жабдықтаудың жоғары сапасын және энергия үнемдеу әсерін қамтамасыз ететінін қосымша хабарлағымыз келеді.

Жылу энергиясын тұтынуды үнемдеу мақсатында тұтынушылар ПИК - пен бірлесіп үйлердің энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды талқылау үшін жиналыстар өткізуге болады. Мысалы, үйлер мен жертөлелерді жылудың қабырғалардан өтуіне мүмкіндік бермейтін инновациялық панельдермен оқшаулау.

«Үйдің энергия тиімділігімен қатар, пәтердің жылу оқшаулауына, әсіресе суық бөлмеге жиі енетін терезелер мен есіктерге назар аударуды ұсынамыз. Тиісінше, қабырғаларды, едендерді, есіктер мен балкондарды, жертөлелерді жылыту мүмкіндігін қарастыру, ескі жылыту жабдықтарын қазіргі заманғы модельдерге ауыстыру қажет, олардың көпшілігі жылуды үнемдеу функциясын қамтиды, бұл жылу шығынын және жылу ақысын азайтуға көмектеседі», - деп кеңес берді ҚР ҰЭМ ТМРКД БҚО бойынша басшысы.

Суреттің дереккөзі: inform.kz