17.11.2020, 9:21
Оқылды: 69

Жылжымайтын мүлік мекенжайын нақтылау үшін қазақстандықтарға ХҚО-ға барудың қажеті жоқ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, мемлекеттік органдардың шешімімен жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда өзгерістерді тіркеу құқық иесіне жүктелмейтінін еске салады.

677F3EB9-BB03-4DFE-A1C2-D1737D05846A

Мұндай өзгерістерге, атап айтқанда, елді мекендердің атаулары, көше атаулары, сондай-ақ ғимараттардың және басқа құрылыс нысандары (мекен-жайлардың) реттік нөмірінің өзгеруі немесе ҚР әкімшілік-аумақтық құрылым реформасына байланысты кадастрлық нөмірлердің ауысуы жатады.

Жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамасы бойынша мемлекеттік органдардың шешімімен енген өзгерістерді мемлекеттік тіркеу мемлекеттік ақпарат жүйелерін өзара ықпалдастыру аясында жүзеге асады.

Енді жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы өзгерген жағдайда, тіркелген құқықтар мен жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық сипаттамалары туралы анықтамада  мекенжайдың тарихи деректері қоса көрсетіледі (жаңа мекенжаймен бірге ескі мекенжай атауы да жазылады). Мысалы, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел д-лы, 10 (бұдан бұрын Астана қ., Орынбор к-сі, 10).

Сонымен қатар құқық белгілеуші құжаттарда алдыңғы мәліметтер сақталады, бұл ретте жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау қажет емес.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале