28.09.2022, 10:08
Оқылды: 60

Жымпиты ауылында «Қазсушар» ШЖҚ РМК БҚФ Сырым топтық су құбырының өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2022 жылғы 3 қазан, сағат 15:00 - де «Қазсушар» ШЖҚ РМК Сырым топтық су құбыры желісінің Сырым топтық су құбырының магистральдық желілері арқылы су беру қызметтері үшін тарифтері мен тарифтік сметаларының жобаларын қарау бойынша жария тыңдау өтетінін хабарлайды.

a2911a3939390783746f3135e37557fe_original.57706

 Жария тыңдау мына мекенжай бойынша өтеді: Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Алаш Орда көшесі, №11 үй.

Департамент тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғаларды жария тыңдауға шақырады.

Сонымен қатар көптеген мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында Жария тыңдаулар ZOOM қосымшасы арқылы онлайн режимінде (сілтеме: https://us05web.zoom.us/j/83950140534?pwd=aDZUR0RLTDFVUVpSeVJuTzRhYzluQT09, конференция идентификаторы: 839 5014 0534, кіру коды: qTAZ1m) және Facebook әлеуметтік желісінің ресми бетінде (https://www.facebook.com/profile.php?id=100058998086180) қатар өтеді.

Жария тыңдауға қатысу үшін жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша немесе «FACEBOOK» қосымшасында іздестіруге ДКРЕМ ЗКО атауын енгізу қажет.

Уәкілетті органның байланыс телефоны: 8 (7112) 250383.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаменті

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале