28.02.2022, 17:30
Оқылды: 110

Жыршы жетпісте

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, дәстүрлі әнші, жыршы-термеші Хатимолла Бердіғалиевті 70 жас мерейтойымен құттықтап, шапан жауып, алғысхат табыстады. 

IMG-20220228-WA0061

IMG-20220228-WA0060

Өңір басшысы Хатимолла Жәңгірұлының шығармашылығы хақында аз-кем сөз қозғап, деніне саулық, отбасына амандық тіледі.

IMG-20220228-WA0063

IMG-20220228-WA0058

IMG-20220228-WA0064

– Уақыт бөліп, құрмет көрсеткендеріңіз үшін мың алғыс. Көктеміміз көрікті, жазымыз жайлы, күзіміз жемісті болсын. Бұйырса, сәуір айында бір сағат отыз минутқа созылатын «Айман-Шолпан» лиро-эпостық жырымен Теректі ауданына және Елордаға бармақпыз. Жігіттердің жібергісі келмегеніне қарамай филармониядағы жұмысымды тапсырдым. Алайда, сахнадан кеткен жоқпын. Жетпіске келген шағымда әлденені жоспарлау да қиын. Дегенмен, өнерден қол үзбейміз, – деді Хатимолла Бердіғалиев.

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале