ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларын жүйелі түрде іске асыруды жалғастыруда.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларын жүйелі түрде іске асыруды жалғастыруда.

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша арнаулы әлеуметтік төлемді 26,1 мың жұмыскер алып отыр. Қаражаттың жалпы көлемі 24 млрд теңгеден асты. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төлем алушылар саны 3,7 мыңға жуық адамға артты.
Арнаулы әлеуметтік төлем заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келетін азаматтарға тағайындалады. Ол жұмыскерлерге зиянды еңбек жағдайларындағы қызметін тоқтатуға немесе еңбек табысын сақтай отырып, қауіпсіз еңбек жағдайларындағы жұмысқа ауысуға мүмкіндік береді.
Арнаулы әлеуметтік төлем бірнеше қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылады. Оның құрамына арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы, сақтандыру төлемдері, жұмыс берушілердің қаражаты, сондай-ақ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған төлемдер кіреді.
Аталған қолдау шарасы өндірістегі зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт еңбек еткен жұмыскерлерді қосымша әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау тетіктерін одан әрі жетілдіру және еңбек қауіпсіздігі жүйесін дамыту бағытындағы жұмысты жалғастырады.