Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандары полицияға арнайы құпия сөз арқылы қиын жағдайға тап болғанын хабарлай алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Арман Айтмағамбетов мәлімдеді.
"Зорлық-зомбылық құрбаны 102 нөміріне хабарласып, операторға жасырын сөздерді айтады. Ал қоңырауды қабылдаған оператор өз кезегінде дереу тұрғынның қайдан хабарласып тұрғанын анықтап, оқиға болып жатқан жерге тәртіп сақшыларын жіберетін болады", – деді Арман Айтмағамбетов.
Алайда бұл құпия сөздер көпшілікке ашық түрде жария етілмейді. Көмек сұрауға көмектесетін құпия сөздерді азаматтар полиция инспекторларынан сұрап біле алады. Полиция өкілдерінің айтуынша, кейде зорлық-зомбылық құрбандары психолог, дәрігер немесе 103 арнасы арқылы өз жағдайын жеткізеді.
"Жуырда әйел адам полицияға хабарласып, құпия сөзді айтты. Жедел жасақ барғанда әйелдің 7 баласының бар екенін анықтады. Әйел бірнеше жылдан бері отбасындағы зорлық-зомбылықтың құрбаны болып келген. Айыптының ісі қаралып жатыр, ол бес тәулікке қамауға алынған болатын", – деді Нұр-Сұлтан полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы Гүлмира Шырахметова.
informburo.kz
17:0031.01.2023
1414 нөмірі бойынша тегін заңгерлік көмек алуға болады - Әділет министрлігі
10:0023.12.2022
Балалар жылы аясында 6 мыңға жуық әлеуметтік желі материалдары мен 16 сайт бұғатталды
9:1514.12.2022
Көмек қажет: полиция зорлық-зомбылық құрбандарына қалай көмектесуге болатынын түсіндірді
12:1825.11.2022
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар бизнес ашып жатыр