11.01.2023, 16:15
Оқылды: 31

Зүлфия Сүлейменова ауасы өте лас 10 қаланы атады

Еліміздің 10 қаласында ауаның жоғары ластануы сақталып отыр. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Y0cqlxdYL3yhJVHA7Wgb9zYnCKcp6DYpjWAPx17O.jpg_width=1200Xheight=autoXtype=1

Фото дереккөзі: baq.kz

«Атмосфералық ауаның индустрия тарапынан ластануы экологиялық реттеу аясында ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділерін реттеу негізінде жүзеге асырылады. Осы бағытта былтыр нақты шығарындылардың көлемі 2021 жылға қарағанда 4,1 пайызға, ал төгінділер көлемі 11,7 пайызға қысқарды. Сонымен қатар жүйелі түрде ауаны ластағаны, экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін Атырау мұнай өңдеу зауытының экологиялық рұқсатын тоқтата тұру бойынша іс сотқа жолданған болатын. Қабылданған шараларға қарамастан еліміздің 10 қаласында ауаның жоғары ластануы сақталуда. Осы қалаларға Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған, Риддер кіреді», - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Жалпы, оның атап өтуінше, еліміздегі экологиялық ахуалды жақсарту жұмыстары қабылданған жаңа Экологиялық кодекс, бекітілген «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы, өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша Жол карталары аясында іске асырылып жатыр.

«Айта кететін жайт, қабылданған жол карталары қоғамды кеңінен тарту негізінде қалыптастырылған және 485 іс-шараны қамтиды. Жаңа облыстарда жол карталары әзірлену үстінде. Былтыр бірқатар жол картасын өзектендіру жұмысы жүргізілді», - деді Зүлфия Сүлейменова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале