31.03.2020, 19:35
Оқылды: 38

2020 жылы мемлекеттік сатып алуға жоспарланған 30 млн.теңгеден астам қаражат үнемделді

Бір көзден сатып алу тәсілін кеңінен қолдану және тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бағасын өсіріп сатып алу - еліміздің бизнес субъектілерінің дамуы, одан әрі ел экономикасының дамуы жолындағы күрделі мәселе.

5E20FF50-6313-4C7F-988D-D2C528163F3A

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2019 жылғы мемлекеттік сатып алулардың 54%-ы бәсекелестік ортасына түспей, яғни бір көзден сатып алынған. Бәсекелестік ортада және бір көзден сатып алынған кейбір тауарлар бағасындағы айырмашылық 30%-ға дейін жеткен.  

Бұл жағдай бәсекелестік ортасына да, соымен бірге мемлекет қаражатын үнемдеуге де кері әсерін тигізеді.

Сатып алудың 10%-ына оптимизация жүргізген жағдайда 2 млрд. теңгені үнемдеп, бұл қаражатты одан әрі экономиканың дамуына жұмсауға болады.

Бұл бағыттағы жұмыста кең таралға цифрландыру негізгі құрал болуы тиіс. Цифрландыру мемлекеттік сатып алудың ашықтығына әкеледі және сыбайлас жемқорлықтың түп-тамырын жоюдағы қарышты қадам болып табылады.

Бұл бағытта ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы сатып алу саласының мониторингін іске асыруда.

Бұл порталдың тапсырыс берушілер мен бюджет әкімшілерінің негізсіз бағаны төмендету немесе көтеріп қою, жеткізу мерзімін қысқарту, белгілі бір өнім берушіге ықылас танытуы сияқты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері көріністерін анықтау қабілеті автоматтандырылған.

2020 жыл басынан бері Агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен аталған жүйені қолданып, мониторинг жүргізу нәтижесінде 30,8 млн.теңге бюджет қаражатын үнемдеуге қол жеткізді.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Н.Саметтің айтуынша,  «Сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық-талдау жүйесі тауарлар мен қызметтердің актуальді орташа бағасын белгілі бір лот жарияланған бағасымен осы уақыттағы режимде салыстыруға мүмкіндік береді.  Осылайша мемлекеттік органдар мен ұйымдарының тауарлар мен қызметтердің бағасын өсіру фактілері анықталды.

Бұл мекемелерге сатып алу жоспарларындағы бағаны медиандық бағаға келтіріп, қайта қарау туралы ұсыныстар жолданды.

Ұсыныстарды орындау нәтижесінде 30,8 млн.теңгеден аса бюджет қаражатының мақсатсыз шығындаудың жолы кесіліп, қаражат үнемделді.

Бұл жағдайда сатып алу жүйесінің қатысушылары жемқорлық тәуекелінің қатерлі аймағында орналасқанын білдіреді және осының салдарынан құзыретті органдардың ерекше бақылауына алынған.

Өткен жылы БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен мемлекеттік сатып алу саласында 29 қылмыс ашылды.

Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал сомасы 558,2 млн.теңгені құрады.

Сонымен қатар департамент азаматтарды мемлекеттік сатып алу саласында орын алған немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылық куәсі болып немесе бұлар жөнінде ақпараты болған  жағдайда «1424» Call-орталығы телефон нөміріне хабарласып, жемқорлыққа қарсы бірлесе күресуге шақырады.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале