10.11.2016, 11:23
Оқылды: 42

Білім беру саласындағы ашық есік күні

%d0%b1%d1%96%d0%bb%d1%96%d0%bc-%d0%b1%d0%b5%d1%80%d1%83-%d1%81%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d2%93%d1%8b-%d0%b0%d1%88%d1%8b%d2%9b-%d0%b5%d1%81%d1%96%d0%ba-%d0%ba%d2%af%d0%bd%d1%96Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінде Батыс Қазақстан облысы білім саласы қызметкерлерінің «Нәтижеге бағытталған білім беруде әдістемелік қызметтің маңызы» атты ашық есік күні өтті.

Ашық есік күні нәтижеге бағытталған жаңаша білім беру жағдайында әдістемелік қызметті ұйымдастырудың теориялық және практикалық бағыттарын көрсете отырып, маңыздылығын ашу мақсатын негізге алды.

Шара алдымен Қаратөбе аудандық білім беру бөліміне қарасты аудандық әдістемелік кабинеттің әлеуметтік-психологиялық қызмет және өзін-өзі тану пәндері жөніндегі әдіскері Клара Дәулетқызының «Шын жүректен...» танысу тренингінен бастау алды.

«Тәуелсіздікке - 25 жыл» шеңберіндегі қосымша білім беру ұйымдарының көрмесінде балалардың қолдарынан шыққан қол өнер бұйымдары, олардың жетістіктері мен марапаттары таныстырылды.

«Мұғалім көшбасшылығын анықтау және оны дамытуда әдістемелік қолдау көрсету», «Үйлестірушілер іс-әрекетіндегі критериалды бағалау жүйесі» шеберлік сыныбында облыс аудандарынан келген педагог-әдіскерлер бір-бірімен өзара пікір алмасты.

Түс ауа педаготар аудан орталығында орналасқан Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебі базасына ат басын бұрды.

Алдымен мектеп тарихымен және мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктерімен танысып, «Көңілді күн» тренингі аясында жұмыстанды.

Және де көрнекі сабақтар жәрмеңкесі мен мектептегі оқу-тәрбие жүйесіндегі ерекшеліктермен танысты.

Одан соң меймандар Қаратөбе мектеп-гимназиясында болып, «Жан-жақты тұлға дамыту - қоғам талабы» тақырыбында үйірме жәрмеңкесіне саяхат жасап, «Білім жүйесіндегі жаңаша қадамдар» атты сабақ және сабақтан тыс жұмыстарға қатысып, өзіндік ойларын ортаға салды.

Ашық есік күні «Еркін микрофон» алаңында рефлексия жасаумен қорытыңдыланды.

 

Райымбек Абаев

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале